Алеко
2022 / 2023 Мәрмәр залы X маусым
6 сәуір * бейсенбі * 19.00
«РАХМАНИНОВ-ТРИБЬЮТ»
фестивалі
(композитордың 150 жылдығына орай)
Сергей Рахманинов
«АЛЕКО»
Бір актілі опера
(Концерттік орындау)
Ұзақтығы – 1 сағат
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Кемеңгер пианист әрі композитор Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына орай «Рахманинов-трибьют» фестивалі аясында танымал солист және камералық музыкант Денис Краснокутскийдің (АҚШ) орындауында Оркестр мен альтқа пен арналған вокализ, сондай-ақ «Астана Опера» опера солистері, симфониялық оркестрі және хордың қатысуымен «Алеко» бір актілі операсы концерттік орындауда шырқалады.
Жоба авторы, дирижер әрі фестивальдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
Денис КРАСНОКУТСКИЙ – әлемге әйгілі солист және камералық музыкант. Мариинский және Эль Сиркуло сияқты танымал театрлар мен Кравис-центр, Коларац залы, Avery Fischer Hall және басқа да сахналарда өнер көрсеткен.
Гаррисберг симфониялық оркестрімен, Майами оркестрімен, Рено және Нью-Джерси филармониясымен, Батон-Руж симфониялық оркестрімен, Бэй-Атлантик филармониясы мен симфониялық оркестрімен қызметтестік еткен. Хилари Хан, Белла Христова, Сара Чанг, Джонатан Бисс, Фрэнк Синатра-кіші, Бернадетт Питерс сынды өзге де танымал көптеген әртістермен өнер көрсеткен.
Сэмюэл Барбердің ішекті аспапты квартетінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады, «Rowan» ішекті аспапты квартетінің қатысушысы ретінде гастрольдерге шыққан. 2006 жылдан бастап Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропаны гастролімен сапарлаған «Виртуозы Филадельфии» камералық оркестрінің бірінші альты болып табылады. Оның қатысуымен жобалардың жазбалары Naxos, Connoisseur Society, Arabesque, New World Records және New Ariel сияқты дыбыс жазу студияларында өтті.
Денис Краснокутский – Ратгерс университетінің музыкалық өнер докторы, ол Майкл Три (Гуарнери ішекті аспаптар квартеті) мен Пол Нойбауэрдің (Нью-Йорк филармониясының бірінші альты) шәкірті болған. Серхио Перессон жасаған альт аспабында ойнайды.
«Алеко» – Пушкиннің «Сығандар» поэмасының желісіне арналған бір актілі опера. Оқиға сыған таборында орын алады. Сюжетке арқау болған – қатерлі махаббат үшбұрышы: сұлу сыған қызы Земфира, оған деген махаббаты үшін қаланы тәрк еткен Алеко және Земфираның көңілі кеткен жас сыған жігіт.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Алеко – Талғат ҒАЛЕЕВ, Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Василий УПОРОВ
Земфира – Галина ЧЕПЛАКОВА, Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамиля ДЖАРКИМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жас сыған – Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Саян ИСИН, Нарұл ТОЙКЕНОВ, Владислав ЧИЖОВ
Қарт сыған – Шыңғыс РАСЫЛХАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Илья МАРКОВ
Қарт сыған әйел – Татьяна ВИЦИНСКАЯ, Гүлжанат САПАҚОВА
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОР
Қоюшы дирижёр және музыкалық жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН