Ақ кеме
Сипаттама
Адам туады, өледі, бірақ мәңгі бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар... Ол сенім... ол сағыныш... Күн шықса шетсіз-шексіз көкжиектерге қырағы қиялымен көз салып, кеш батса айдын-көлдің дидарына ақ кемесін қондырып, ақ қанат арманын асау толқындар арасынан күткен періште көңіл сәбидің санасындағы сан алуан арпалыстың түбі айналып келіп ұрпақ жалғастығы яки ұлт ертеңі деген ұлы мұратпен астасатыны аңызға бергісіз әфсананың астарында шебер шендестірілген.
Қойылымды тамашалап отырып ата мен немере арасындағы нәзік жіп, ұрпақ пен ұлттың ұйтқысы болған тамырластық тіні түбі ешқашан үзілмесіне сенгіңіз келеді. Сол үшін де Ақ кемесін үздіге күткен баланың аппақ арманы алдамаса екен деп тілеулес боласыз іштей.
Бір сәтке періште көзімен мынау аппақ дүниеге көз салғызып, пендеуи тірлікке жаңаша назар аудартқызар айтулы туынды көрерменін де бейжай қалдырмасы, өзгеше ой биігіне жетелері сөзсіз.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Бала: АСЫЛБЕК Әйтіш
АЙКЕРІМ Түсіпбек
Бұғы ана: ҚАЛАМҚАС Мелисова
ДИАНА Болатбек
Ата: ЕЛДОС Шәйкенов
Апа: МАДИНА Жұмабай
Оразқұл: СҮНДЕТ Сәрсен
Бекей: МАДИНА Май
Гүлжамал: АСЕМ Жорабек
Сейдахмет: ӘБУТӘЛІП Әміре
Жүргізуші: ЕЛМАР Рахымжан
Өтетін орны
Астана қаласы, И. Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» театры
Автор
Шыңғыс Айтматов
Режиссер
Шынгыс Жакыпбай
Жанр
траги-әфсана
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 14ЖелтоқсанСенбТеатр «Жастар»Залбастап 1000 ₸бастап 1000 ₸
- 15ЖелтоқсанЖексТеатр «Жастар»Залбастап 1000 ₸бастап 1000 ₸