ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Абай

Абай

Сипаттама

Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди

«Абай»

Төрт бөлімді опера

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

Ұзақтығы 2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

* * * * *

Либретто авторы Мұхтар Әуезов

Премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы МАОБТ өтті

«Астана Опера» театрындағы премьерасы 2015 жылғы 25 қыркүйек

Ұлттық классика жауһары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы дирижер Алан Бөрібаев пен режиссер Джанкарло дель Монаконың жаңа қойылымында көрерменге жол тартпақ. Қойылымның музыкалық жетекшісі театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың партитураны жеткізе білуі ерекше: музыкалық материал анық-қанық түсіндіріліп, ой шыңының асқақ биігінде оқылған. Оның басқаруындағы оркестрдің үні де есте қаларлық!

Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапиноның керемет үйлескен шығармашылық жұбы сахна төрін түрлендіріп, бірегейлігімен тамсандырады. Осылайша, ақынның ішкі жан-дүниесінің байлығы Абайдың жұмыс орнының көрінісінде айқын байқалады: алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус, армилляр (астрономиялық құрал), ұлы данышпандардың мүсіндері... Ал бөлменің есігі тұтас әлемге айқара ашылғандай!

Соңғы көріністе пайдаланылатын 3D-технологиясы өте орынды қосылып, шаттыққа толы әсерге бөлейді, жүректерді отансүйгіштік сезіміне толтырады.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер Элмар Бөрібаев

Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако

Режиссердің кеңесшісі Есмұқан Обаев, Қазақстанның Халық әртісі

Сценограф Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино

Хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша суретші Серджио Металли

Жарық бойынша суретші Виничио Кели

Қоюшы балетмейстерлер Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Ғалия Бөрібаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенті Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Арасель Досмұратова

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады

2018 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    30 сәуір 2025 жыл

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

  • Жас шектеуі

    10+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 30
    Сәуір
    Сәрс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸