Абай
Сипаттама
Өтетін орыны: Астана қ.,Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
Премьера күні: 3-4 шілде 2009 жыл
Автор: М. Әуезов
Қоюшы режиссер: Әлімбек Оразбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
Хормейстер: Амантай Жұмашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
Режиссердің ассистенті: Нұркен Өтеуіл
Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова
Жанр: трагедия
Ұзақтығы: 1 сағат 45 минут
Жас санаты: 12+
Қосымша:
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? Софылық қылып, дін бағу? Балаларды бағу?
1890 жыл. Абай
Ғасырлар бойы қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып пен мылқау күш, дүлей заманды айыптап өткен, Абай ойы, Абай философиясы өркендеп ғаламдық деңгейге жетуінің барысындағы оқиғалар, сахнада ұлы М.Әуезов драматургиясымен өткен ғасырға жол тартқанымен бүгінгі көрермен үшін де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ
Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз