Күлбике
Сипаттама
«Күлбике»
2 бөлімді балет
Сергей Прокофьев, Джимми Дюрант, Билли Рэй Сайрус, Луи Армстронг музыкасына
Ұзақтығы 2 сағат 20 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Либретто авторы (Ш.Перро ертегісінің желісімен) және хореограф зор табысқа кенелген How long is Now? («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») және «Бетховен Мәңгілік Махаббат» бір бөлімді балеттерімен көрермендерімізге жақсы таныс Раймондо Ребек.
Балет бәрімізге белгілі Күлбике туралы ертегі хикаясын заманауи тұрғыдан ұсынады. Ертегі желісі мен кейіпкерлер сақталады, ал оқиға орны мен уақыты рококо дәуірінен қазіргі уақытқа ауысады әрі сол заманға кері қайтарылады. Күлбике мен Ханзаданың романтикалық қарым-қатынасы олардың шығармашылық ой-мұраттарының аясында ашыла түседі: Күлбике (Элла) кутюрье болуды, ал Ханзада композитор және ди-джей болуды армандайды.
«Астана Опера» симфониялық оркестрінің орындауында Сергей Прокофьевтің музыкасы Джимми Дюрант, Билли Рэй Сайрус, Луи Армстронгтың заманауи танымал композицияларының атмосфералық акустикалық дыбысталуымен толықтырылған.
Балет хореографиясы поп-би мен брейк-данс элементтері орын алатын неоклассикалық стильде жасалған.
«Күлбике» балеті өмірлік мән-жайлар мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, өз арманын іске асыру мүмкіндігі идеясы көрініс табатын, отбасымен бірге көруге арналған ізгі әрі көркем спектакль.
КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Күлбике Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Шұғыла ӘДЕПХАН
Ханзада Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ / Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ (дебют) /
Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (дебют)
Мейірімді періште Арман УРАЗОВ / Сұлтанбек ҒҰМАР / Айдан ҚАЛЖАН (дебют)
Өгей шешесі Аделина ТУЛЕПОВА / Әсел ШӘЙКЕНОВА /
Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (дебют)
Өгей әпкесі Түшкіргіш Алина ЗЫРЯНОВА / Мөлдір ШӘКІМОВА
Өгей әпкесі Тәтті құмар Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВА / Назира ЗАЕТОВА
Патша Бейбарыс АҚАРЫС / Бостан ҚОЖАБЕКОВ
Патшайым Гүлнұр ҚАЙСАРОВА / Әсел КЕНЖЕБЕКОВА (дебют)
Екі дос Бекзат ОРЫНБАЕВ, Ислам ҚАЙЫПБАЙ /
Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ (дебют), Эркин БАЗАРБАЕВ (дебют)
Би шебері Жәнібек АХМЕДИЕВ / Олжас ТАРЛАНОВ
Шаштараз Қуат КӘРІБАЕВ
Рәсім шебері Жәнібек АХМЕДИЕВ / Олжас ТАРЛАНОВ
«АСТАНА ОПЕРА» СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ
ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП
Қоюшы хореограф Раймондо Ребек
Әрлеуші композитор Дэвидсон Джаконелло
Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның халық әртісі
Дирижер Руслан Баймурзин
Сценограф Йоко Сеяма
Жарық бойынша суретші Тим Вацлавек
Проекциялар бойынша суретші Серджио Металли
Костюмдер бойынша суретші Франсуа-Ноэль Шерпин
Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
29,30,31 желтоқсан 2024
Уақыт
17:00, 19:00, 16:00
Ұзақтығы
2 сағат 20 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 29ЖелтоқсанЖексAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000бастап 1000
- 30ЖелтоқсанДүйAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000бастап 1000
- 31ЖелтоқсанСейсAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000бастап 1000