ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
М. Әуезов театры «Жан әке» спектаклімен Конкордия студенттік театрында

М. Әуезов театры «Жан әке» спектаклімен Конкордия студенттік театрында

Сипаттама

Көрнекті француз жазушы-драматургы Флориан Зеллер шығармасы желісімен қазақ сахнасына лайықталып жазылған пьеса бойынша қойылған «Жан әке» көп қырлы спектакль. Бас кейіпкер - Ақсақал. Өмірдің қызық-қиындығын бірге өткерген аяулы жары Әппақ бақилық. Тағы бір қайғысы - шетелдікке тұрмысқа шығып кеткен кенже қызы. Жасы келіп, күш-қуат азайып, жады тозған әкені өзінше өбектейтін үлкен қызы Айжан ғана. Бірақ, еңбегі, бір есептен, зая, себебі, әкесін «естімейді». Жеке өмірін жайлы еткісі келеді, жігітінің өз есебі бар. Ал, жады тозды демесеңіз, рухы мықты, ақыл-ойы орнында - қыздарының тағдырын, ұлттық ұстындардан ажырай бастаған ұрпақты, қазағының болашағын ойлайтын Ақсақалдың жаны жалғыз, мейірімге шөлдеулі...

Психологиялық тұрғыдан күрделі қойылымда шын өмір мен бас кейіпкер қиялындағының аражігін ажырату оңай емес, интригалар да жеткілікті. Әртүрлі жағдайларда ойналатын диалогтарда қарама-қайшы көзқарастар шиеленісе түседі.

  • Өтетін орны

    Алматы қ., Конкордия студенттік театры, Бөгенбай батыр, 151

  • Пьесаның авторы

    Ф. Зеллер

  • Премьера күні

    6 қаңтар, 2023 жыл

  • Қоюшы-режиссер

    А. Құдайберген

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    12+

  • Жанр

    мелодрама

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 21
    Сәуір
    Дүй
    Студенческий театр «Concordia»
    Зал Concordia
    бастап 800 ₸
    бастап 800 ₸