rebranding

MARLENE DIETRICH трибьют-концерті

Ева Бехер & «КИНО и НЕМЦЫ» тобы және де Неміс театрының орындауындағы Марлен Дитрих репертуарынан үздік туындылар!

Жиырмасыншы ғасырдың соғысқа дейінгі, әскери және соғыстан кейінгі жылдарындағы ең көркем, сезімтал, терең әндердің еуропалық және американдық сахнаның ұлы жұлдызының репертуарынан сирек әрі құнды әндердің жиынтығы.

Әлемнің жарқын жұлдыздарының бірі, теңдессіз Мария Магдалена Дитрихтың репертуарындағы хиттерден  құралған концерт 30-70 жылдардағы еуропалық және американдық эстрада және джаз өнерін, сондай-ақ әлемдік мәдениет пен тарихты сүйетіндер үшін үлкен іс-шара әрі нағыз сыйлық.

Бағдарламада махаббат туралы, соғыс пен бейбітшілік туралы, неміс, ағылшын, француз тілдерінде әйел туралы ескі, сонымен қатар аса өзекті әндер орындалады.

Сондай-ақ, бағдарламада Марлен Дитрих Ремарктің, Габеннің, Хемингуэйдің, Вертинскийдің танымал жанкүйерлері жіберген хаттарының үзінділері ұсынылмақ...

«КИНО и НЕМЦЫ» сахна төрінде:
Ева Бехер/дауыс, идеялар/- self-made персона, продюсер, әндер авторы, актриса, журналист, танымал телевизиялық жобалардың тәлімгері
Дарья Осицкая /дауыс/
Вячеслав Балашов /актер, дауыс/
Михаил Петров /аккордеон, рояль/
Олег Левушин (саксофон, кларнет)
Нұрбек Мейрамбеков /труба, тромбон/
Денис Лихобабенко /гитара/
Алексей Кузнецов / Арслан Омаров /бас-гитара/,
Константин Жолмұхамадов /соқпары аспаптар/
Александр Роик /дыбыс/
Құлайым Ералиева /жұртшылықпен байланыс, қамқорлық/

Бағдарламада келесі майталмандар өнер көрсетпек:
Лидия Давыдовна Ганн - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Наташа Дубс - актриса, Республикалық академиялық неміс драма театрының бас режиссері
Және де неміс театрының актерлері

Концерттің музыкалық продюсері - Михаил Петров
Концерт продюсері - Ева Бехер