rebranding

Галактика сақшылары. «Ғалам қиыры» Алматы қаласында

Ғалам сенің көмегіңе мұқтаж! Сирек кездесетін ғарыштық жануарлар үстінен жойылып кету қаупі төніп тұр! Галактика сақшыларының командасы құтқару миссиясын ұйымдастыруға дайын, бірақ оларға батыл көмекшілер қажет.

Ғарыштағы құтқару операциясына қосылуға дайынсыз ба?
Онда тездетіп Сақшылар командасына кір!

   Сен спорттық дайындықтан өтіп, өзіңді ғарыштық суперқаһарман ретінде сезінесің.
   Өзін-өзі бақылау құпиясын меңгеріп, марс тұрғындарымен кездесуге қалай дайындалу керектігін үйренесің.
   Модельдеу дағдыларын меңгеріп, паперкрафт техникасын үйренесің.
   Ғаламшар аралық шоу-ойында ой-өрісіңді дамыта аласың!
   Басқа ғалам тілін үйреніп, кез келген адаммен кез келген нәрсе туралы келісімге келуге үйренесің.

Ал ең бастысы, сен жаңа планетаны ыңғайлы әрі әдемі ете аласың. Гүл мен ағаштар отырғызып, құтқарылған ғарыштық жануардарды онда мекендеуге жіберетін боласың.

Осынау маңызды тапсырманы орындауға саған Ракета есімді енот пен оның сенімді досы Грут көмектеседі.

Галактика сақшысы атанып, сирек жануарларды құтқарып, оларға арнайы қауіпсіз ортаны жасауға дайынсың ба? Онда тездет, құтқару операциясы тезірек жүзеге асырылуы тиіс!

Шытырман оқиғаларды жоғары сапа стандарттары ұстанып, зор махаббатын сыйлаған психологтардың, педагогтардың және майталмандардың кәсіби командасы жасайды.
«Городские каникулы» хобби-клубының басты мақсаты - балалардың эмоциялық денсаулығы
Міндеті - гаджеттерге қызықты балама ұсыну... бұл жасампаздық пен достықтың жаңа әлемі...