ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Димаш Дәулетовтың жеке концерті. Музыкалық альбомның тұсаукесері

Димаш Дәулетовтың жеке концерті. Музыкалық альбомның тұсаукесері

Сипаттама
Мекен-жайы: Алматы қ., шатырдағы "Fifty Four" Бизнес орталығы, Мәметов к-сі, 54 Күні: 20 қыркүйек 2024 Уақыты: 19: 00 Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут Димаш Дәулетовтың авторлық альбомның шығуына және орындаушының туған күніне арналған. Димаш Дәулетов («X-Factor» және «Қазақстан дауысы» жобаларының көрермендеріне Дінмұхаммед Дәулетов есімімен танымал) Димаш Дәулетов – кәсіби эстрада әртісі, әнші, автор, Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, көп жылдар бұрын танымал тележобаға қатысу үшін Рудный қаласынан Алматыға келген. Сол кезде музыкалық білімі жоқ болсада, талантты жас әнші телекөрермендерге өз ерекше дауысымен сезімтал орындаушылығымен, өмірбаянымен есте қалды. Димаш Рудный қаласындағы зауытта экскаватор жүргізушісі боп жұмыс істеді, экскаватор кабинасында ол вокалдық шеберлігін шыңдады, сахнаны армандады, бірақ ол кезде ата-анасына көмектесу үшін жұмыс істеу керек болды. Ең бірінші тележобада Димаш көптеген көрерменнің ықыласына бөленді. Жобадағы тағдырын барша Қазақстан болып бақылады. Х Фактор (2015) жобасы оған сәтсіз аяқталғанмен, оны керісінше алға итермелеп, келесі Қазақстан дауысы (2017) жобасында Димашпен Тәлімгер екеуіне өте сәтті болды, жеңімпаз атанды. Осы сәттен бастап Димаш кәсібі әнші болып қалыптасып бастады, Ол Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына, эстрадалық вокал мамандығына оқуға түседі. Әрі қарайда көптеген вокалдық конкурстарға қатысты. 2018 - I am Singer Kz (қатысушы) 2019 - Topjarģan (Финалист) 2022 - Голос Украины ( Финалист) 2024 - Бес Жұлдыз тележобасы(қатысушы). Содан соң Димаштың тыңдармандары қатты көбейді, оның репертуарыда біраз өсті. 20 қыркүйек сіздер Отандық және Әлемдік туындыларын естейтін боласыздар. Олар Итальянша, Испанша, Украинша, Ағылшынша, Орысша тілдерде орындалатын болады. Оның ішінде танымал ән "Джамайка" және "Зурбаган" әндер бар. Ал кешіміздің 2 бөлімінде сіздер Димаштың жаңа музыкалық альбомның тұсаукесеріне куә боласыздар. Алдын естімеген жаңа туындыларын естейтін боласыздар. Бағдарламада басқада Қазақстандық Эстрада жұлдыздары өнер көрсететін болады. Барлық әндерді сүймелдейтін сіздер үшін арнай Live band болады. Ол: Гитара, Бас Гитара, сентизатор, барабан аспаптардан тұрады. Іс-шара өте жайлы ашық аспан алаңында өтеді. Қонақтарымыз үшін арнайы дәмді фуршет, және де қызыл кілеммен фотозона болады.
Толық оқыңыз
  • Мекен-жайы

    Алматы қ., шатырдағы "Fifty Four" Бизнес орталығы, Мәметов к-сі, 54

  • Күні

    20 қыркүйек 2024

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 20
      Қыркүйек
      ертең
      Fifty Four
      Зал
      бастап 15000 ₸
      бастап 15000 ₸