Scorpions в Алматы

«Сән көрсетілімі» Шоу-спектаклі

Құрметті достар! «ДОМ» қоры мен «Аутизмді жеңейік» жобасы 30 наурыз күні сағат 13.00 Royal Tulip қонақ үйінің Grand Ball залында өтетін «Сән көрсетілімі» шоуына шақырады!

Бұл аутист адамдардың әлемді қалай көретіні және аутист адамдарды, ерекше балаларды қарапайым адамдар қалай көретіні туралы жақсы әңгіме. Адамдар подиумда модельдерді көріп, олардың сыртқы келбеті мен киімдерінің астарында не жасырылғанын білмейтіні сияқты, өмірде де біз әрқайсымыздың бойымызда қаншалықты сұлулық, мейірімділік пен бай ішкі дүние бар екенін байқамай бір-бірімізге қараймыз! Ал, бейтаныс адамның көзіне бір сәт қарап жылы сөз айтсақ не болмақ...

Егер біз өзіміздің стереотиптерімізбен қоршала отырып, есігімізді ашып, бір-бірімізге қарапайым, адамгершілік және шынайы жолдармен қаншалықты көп нәрсе жасай алатынымызды көрсек... Бұнда айрықша ештеңе жоқ, бұл қалыпты жағдай болуы тиіс.

«Сән көрсетілімі» қойылымында сіз ата-ана мен бала махаббатына толы атмосфераны таба аласыз. Қиындыққа тап болған, бірақ әрқашан жеңетіндерге үміт артыңыз, өйткені достар әрдайым жаныңызда!

Шара Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні арналады.
Балаларды қолдау мақсатында режиссер, сценарист, жазушы, кинодраматург Ермек Тұрсынов өз туындыларын орындайды.

Сүйіп, сеніп, еңбек етіп, алға ұмтылсаң бәрі мүмкін екенін көрсетеміз!

Балаларыңызбен келіңіздер, олар достық пен қоршаған әлемді бағалауды үйренеді! Әлемге ашық болуға ұмтылатын тәрбиеленушілерімізді қолдаңыз! Іс-шараны ұйымдастыруға серіктестеріміз де өз еркімен қолдау үшін арамызға қосылды.