Jullien Dassin

Qazaq simfoniasy

qazaq-simf-2543454Өтетін орыны: Алматы қаласы, «Qurmangazy Orkestri» концерттік залы

Өтетін күні: 20 ақпан

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты: 4+

Қосымша:

 

 

 

 

Құрметті Алматы  қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерге  20 ақпан күні сағат 19:00-де «QURMANGAZY ORKESTRI» концерттік залында «Қазақ симфониясы» атты концерт өтетінін хабарлаймыз.

Классикалық музыканы жоғары бағалайтын талғампаз тыңдарманға бұл кеште бұрын-соңды орындалмаған тың туындылар ұсынылады.

Атап өтер болсақ, М. Қойшыбаевтың үш бөлімді «Симфония Ре-мажор» шығармасын алғаш рет Құрманғазы оркестрінің орындауында тыңдай аласыздар.

Сондай-ақ, қазақ халық аспаптары окрестрінің репертуарында сирек кездесетін Н. Меңдіғалиевтің «Фортепиано мен халық оркестріне арналған №5 концерті» мен Д. Мацуцин мен К. Күмісбековтің «Симфониялық күй-поэмасы» тек сіздер үшін ұлы оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады.

Кештің солисі - Халықаралық байқаулардың лауреаты Расул Жармағанбетов.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш президент қорының лауреаты АБЫЛАЙ ТІЛЕПБЕРГЕН.

Билет қайтару шарттары: танысу