Qabyrğa qalqasynda
Сипаттама
Декретте отырған әйелге көбіміз әңгімені “бос отырсың ғой” деп бастайды екенбіз. Декреттегі Ұлмекеннің күнделікті өмірі шын мәнінде қалай өтіп жатыр… Үш баланың анасы балаларына деген сүйіспеншілік пен қажуды бірге сезеді. Қабырға қалқасынан шыққысы келген Ұлмекен коучтың көмегіне де жүгінеді. Әрі қарай не болды?..
Бұл спектакль aLqa жобасы аясында сахналанды. aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қойды. Драматургия курсын әннәс Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.
Өтетін орны
Алматы қ., Марков көшесі 44, ArtKöshe тәуелсіз театр
Драматург
Айнұр Төлеу
Режиссер
Заңғар Ахмет-Қазы
Суретші
Жанна Кравченко
Композитор
Дамира Арманова
Жарық
Иван Юрьевич
Актриса
Динара Мұрат
Ментор
әннәс Бағдат, Куба Адылов
Атқарушы продюсер
Дәурен Бақберген
Продюсер
әннәс Бағдат
Жанр
спектакль
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 5ЖелтоқсанертеңArtKösheбастап 7000 ₸бастап 7000 ₸
- 12ЖелтоқсанБейсArtKösheбастап 7000 ₸бастап 7000 ₸
- 19ЖелтоқсанБейсArtKösheбастап 7000 ₸бастап 7000 ₸