rebranding

«Шам оты маздап тұрғанда»

2022 / 2023           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал         Х маусым

27 сәуір * жұма * 19.00

 

Концерт

«Шам оты маздап тұрғанда»

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«Астана Опера» театры классикалық музыка сүйер қауым назарына «Шам оты маздап тұрғанда» кешін ұсынады.

Концерттік бағдарламада ұлы веналық классик, «симфонияның атасы» Йозеф Гайднның шығармалары, оның ішінде оның әйгілі № 45 симфониясы фа-диез минор («Қоштасу») орындалады, оның финалында өз партиясын аяқтаған музыканттар өз тұғырларының алдында жанып тұрған шамдарды бірінен соң бірін сөндіріп, кетіп қалады.

Гайдн жүзден астам симфония жазған. Ұлы Вена классигі тек дарынды композитор ғана емес, сонымен қатар оның аса мейірімді әрі елгезек адам болғаны керемет музыкасынан көрініс тапқан.

Вена классикасының концертін «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен концерт қонағы – Израильден келген дирижер Арик Гольдштейн ұсынады.

Жоба авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

 

Арик Гольдштейн Ашдодта (Израиль) дүниеге келген. Аликанте университетінде (Испания) «Классикалық гитарада орындаушылық өнері» мамандығы бойынша магистратура бітірген. Сонымен қатар Иерусалим музыка және би академиясында оқыған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннен симфониялық дирижерлік ету бойынша шеберлік сабағын алған. Тель-Авивте тұрады.

 

БАҒДАРЛАМА:

Й.Гайдн. № 45 симфония фа-диез минор «Қоштасу», Hob I: 45

1. Allegro assai

2. Adagio

3. Menuet. Allegretto - Trio

4. Finale. Presto – Adagio

 

Ф.Мендельсон. Скрипка мен оркестрге арналған концерт, ми минор ор.64

1. Allegro molto appassionato

2. Andante

3. Allegretto non troppo – Allegro molto vivace

Солист – Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

* * *

 

Ж. Бизе. Симфония, До мажор

1. Allegro vivo

2. Adagio

3. Menuetto (Scherzo)

4. Allegro Vivace (Finale)

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі

Шақырылған дирижер – Арик ГОЛЬДШТЕЙН (Израиль)

 

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.