ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Персона

Персона

Сипаттама

Билеттер бағасының әртүрліліне, алайда билеттердің ұқсас екендігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Тек студенттік билеттер ғана 4000 теңгеден тұрады.

Бұл жағдайда сіз өзіңіз үшін қолайлы бағаны төлейсіз, бағалар 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін. Өзіңіз үшін бір немесе достарыңыз бен жақындарыңызға да бірнеше билеттерге қол жеткізе аласыздар. Қойылымға билет сатып ала отырып, сіз «Трансформа» мәдени кеңістігінің дамуына өз септігіңізді тигізіп, қызметіне қолдау көрсетесіз.

«Тұлға» фильмі - ұлы швед кинорежиссері Ингмар Бергманның басты туындыларының бірі. Сыртқы және ішкі, шынайы және жалған адам тұлғасының қырлары туралы камералық оқиға.

Оқиға желісі туралы: әйгілі актриса Элизабет Фоглер қойылым барысында кенеттен үнсіз қалып, содан бері ешкіммен сөйлеспеген екен. Физикалық және психикалық жағынан ол дені сау, бірақ күйзеліске ұшыраған сияқты. Оның психикалық жағдайына бас-көз болып, қамқор болу Альма есімді медбикеге тапсырылады, сөйтіп екеуі теңіз жағалауындағы шағын үйшікке көшіп барады. Элизабеттің өмірге деген құштарлығы қайта оянғандай болады, алайда сол күйі үнсіз қалады, ал Альма өз үмітімен, жоспарларымен және қорқыныштарымен бөлісіп, Элизабетпен тілдесуді еш тастамайды. Алайда Альма неғұрлым ашылған сайын, Элизабеттің тұлғалық бейнесі соғұрлым бұлыңғыр болып келуде.

Қоюшы топтың өз алдына қойған мақсаты атақты фильмді сахнада қайта жасау немесе оның сюжетін түсіндіру емес. Біздің қойылым Бергманның ұлы картинасымен, бір-бірімен, көрермендермен және өзімізбен өзара диалог болып табылады.

Бүгінгі күнде шындық дегеніміз не? Оны өнер бойында іздеуіміз керек пе? Үн қатып, өз үнімізге қалай құлақ салдыруымыз керек? Дұрыс сөздерді қайдан алу керек? Әлде кейде үндемей қоя салу дұрыс па? Норма дегеніміз не, оларды кім орнатады? Біз тыңдай білеміз бе? Бүгінгі таңда өнермен не үшін айналысу керек? Адал, шыншыл болу дегеніміз не? Ал мен жақсы ата-анамын ба? Жақсы баламын ба? Жақсы актрисамын ба? Чайлдфри болу дұрыс па? Ұят дегеніміз не? Мен сүйе білемін бе? Мен кім үшін киінемін? Сұлулықтың мәні неде? Менің сөзімнің мағынасы неде? Кім таңдау жасайды? Кім жауапкершілік тартады?

Осы сияқты және басқа да сұрақтардың жауабын біз қойылым барысында табуға күш саламыз.

Бізбен бірге диалогқа қосылыңыздар.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Трансформа мәдени кеңістігі, Барибаев көшесі, 36

  • Режиссер

    Дмитрий Гомзяков

  • Суретші

    Евгений Лемешонок

  • Бейне Суретші

    Дмитрий Соболев

  • Актрисалар

    Нұргүл Алпысбаева және Юлия Шабайкина

  • Жас санаты

    16+

  • Жанр

    спектакль

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 23
    Мамыр
    Бейс
    Пространство Трансформа
    Зал
    бастап 4000
    бастап 4000