rebranding

Мюзикл «Роза Бағланова»

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, №30, Almaty Theatre

Күні: 30 қазан

Басталуы: 18:00

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+

 

 

 

 

 

 

 

 

«Astana Musical» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» мюзиклінің премьерасын ұсынады!

Көптен күткен мюзикл Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналады.

Жаңа туынды есімі аңызға айналған әншінің балалық шағынан бастап соғыс жылдарындағы тағдыры туралы сыр шертеді. Мюзикл халықтың сүйікті әншісі Роза Бағланованың ішкі жан дүниесі мен оның қайталанбас өнер әлемін паш етпек.

Роза Бағланованың ән әлеміне келуі, соғыс жылдарындағы қайсарлығы, өнер жолындағы қиындықтары мен тағдырындағы сын сағаттар... Осының барлығы жаңа мюзиклде жаңаша көрініс тауып, қойылымның өзегіне айналады.

Заманауи театр өнерінің технологиялары, креативті режиссерлік, музыкалық  және ерекше хореографиялық шешімдер, ХХ ғасырдың танымал әндері мен Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі атмосфера сіздерге ұмытылмас әсер сыйлайды. 

Қоюшы режиссер – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин. Драматургтер – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Айдын Сахаман, Әннәс Бағдат; Есләм Нұртазин. Композитор – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский, саунд дизайнер – Ақжол Өмірзақов.