«Орыс ауылындағы Рождество мерекесі» атты музыкалық-театрландырылған қойылым
Сипаттама
Орыс әдет-ғұрпындағы ең басты мерекелерінің бірі, Рождество мерекесі ауылды мекендерде дүркіретіп тойланған екен. Алайда уақыт өте келе кейбір дәстүрлер ұмытылып, өзінің кезіндегі түрінен біраз өзгерген, әйткенмен өткенге үңіліп, көне салт-дәстүрлерді өзінің түпкі кейпінде тамашалағымыз-ақ келеді емес пе!
La Boheme театрының сахнасында бірнеше рет өнер көрсеткен «Позагородами» орыс дәстүрлі музыка ансамблі «Жива» фольклорлық ансамблімен бірлесе отырып, сіздер үшін шынымен де болған оқиғаны - ауылдық Рождестволық әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, әндер мен ойын-сауықтардың көрнекі көрсетілімін дайындады. 18 қаңтар күні колядки қалай өткенін, қайдан шыққанын және қандай әндермен бірлесе шырқалғанын өз көзіңізбен тамашалаңыздар. Іс-шара дәріс немесе тұсаукесер форматында емес, мың бұралған билер, гусли, скрипкалар, балалайкалар, бубендер және свирельекалармен өткізіледі!
Сонымен қатар, қойылымға «Атаман» ансамблінің жігерлі жастары мен «Горенки» тобының айдай сұлу қыздары қатысады, олар фольклорды зерттеп, гуслиде ойнауды меңгеруде.
Орыс дәстүрлі мәдениетіне қызығушылық танытатын барлық өнер сүйер жандарды күтеміз.
Өтетін орны
«La Bohême» театры, Алматы қ., Уәлиханов к-сі, 43, Жібек Жолы көшесінің қиылысы
Күні
2025 жылғы 18 қаңтар
Уақыты
18:00
Ұзақтығы
120 минут
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 18ҚаңтарСенбТеатр «La Boheme»залбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸