Күншығыс музыкасы

2024 жылдың 2 наурызында Алматы қаласында «Жапондық көктем» халықаралық фестивалінің аясында «Күншығыс музыкасы» атты орасан зор концерт өткізілмек. Бұл жоба Қазақстанның мәдениет кеңістігінде көптеген жылдар бойы дамып келіп, әлем қоғамдастығында Қазақстанның мәдени серіктестігін нығайту, ҚР мен Жапония арасындағы өнер саласының байланысын кеңейту мақсатында құрылған. Жоба қазақстандық жас орындаушылардың өнерін ілгерілетумен, отандық аудиторияны Жапония мәдениетімен, көркемөнер саласының ірі жапон шеберлерімен таныстырумен байланысты. Жапон музыкасы шырқалатын болады: бүкіл әлемге белгілі видео-ойындардың саундтректері, танымал анимелердің әуендері, жапон эстрадасының хиттері.