АҚҚУ КӨЛІ
Сипаттама
Петр Чайковский
«АҚҚУ КӨЛІ»
2 бөлімді, 4 көріністі балет
Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Либреттосын жазған Владимир Бегичев пен Василий Гельцер
Хореография авторлары Мариус Петипа мен Лев Иванов
Жаңартылған нұсқа
Премьерасы 1895 жылы 15 қаңтарда Мариинский театрында (Санкт-Петербург) өткен
«Астана Опера» театрындағы премьерасы 2018 жылдың 8 наурызында
Әлемдік музыка классикасының жауһары «Аққу көлі» балетін композитор 1875 жылы Мәскеудің Императорлық театрлары дирекциясының тапсырысы бойынша жазды. «Аққу көлінің» негізінде фольклорлық ертегі әлемінде кең тараған зұлым сиқырдың күшімен құсқа айналған ару туралы тарих жатыр. Чайковский балетінде Зигфрид ханзада Одеттаның құтқарушысы болады, алайда оның байқаусызда жасаған опасыздығы қасіретті күнәге айналады. Ханзада сарайындағы бал кешіне нәзік Одеттаға өте ұқсас, бірақ зұлым әрі еліктіргіш Одиллия келеді. Адалдық антын бұзғанымен Зигфрид, шындығында Одеттаға адал болып қалады. Алайда, жіберілген қателігін түсінген ол, зұлым данышпан Ротбардқа қарсы күресте өзінің махаббатын қорғайды.
Жалпы балет қойылымының үш нұсқасы болды. Алғашқы екеуі сәтсіз еді. Тек 1895 жылы жасалған үшінші нұсқасы ғана академиялық хореографияның барлық ережесін бұзып, балетке өшпес табыс әкелді және кейінгі барлық классикалық редакциялардың негізіне айналды. Асқан танымалдылық «Аққу көлін» академиялық балет өнерінің символы етті. Бұл спектакльді балетке жан-тәнімен беріліп тыңдаушылармен қатар осы өнерге енді қызыға бастаған көрермендер де қызықтап тамашалай алады.
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы балетмейстер Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі
Қоюшы дирижер Арман Оразғалиев
Қоюшы сценограф Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино
Қоюшы балетмейстердің ассистенттері Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Арасель Досмұратова
Жарық бойынша суретші Виничио Кели
Проекциялар бойынша суретші Серджио Металли
Музыкалық редактор Долорес Үмбетәлиева
Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре
Спектакльді жүргізуші режиссерлер Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
18-19 қаңтар 2025
Уақыты
17: 00
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 18ҚаңтарСенбAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000бастап 1000
- 19ҚаңтарЖексAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000бастап 1000