Фарида Жолдасова Алматы қаласында
Сипаттама
Өтетін орны
Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Республика сарайы
Күні
15 қазан, 2024
Басталуы
19:30
Әртістер
Фарида Жолдасова
Тұрақ
бар 5 жасында халықаралық «Әнші балапан» ән байқауында лауреат атанып, көрерменнің жүрегін жаулаған Фарида Жолдасованың өнерде жүргеніне биыл 25 жыл. Фарида өз әріптестерінің арасында ән өнеріне ерте жастан келуімен және үздіксіз шығармашылықпен айналысуымен ерекшеленеді. Қазақстан бойынша жас балалар арасында алғашқы болып 7 жасында «Бала тілегі» атты ән жинағы үнтаспа кейін аудио диск ретінде жарыққа шыққан. 13 жасында Республика сарайында жасөспірім әншілер арасында алғашқы болып жеке концертін берген. Ал 2007 жылы Астана қаласы Конгресс холл залында екі бірдей кеші аншлагпен өтті. Осы 25 жыл ішінде Фарида үздіксіз өнермен айналысып келеді. Қытай елінің бірнеше қаласын аралап, 14 тен астам кеш өткізді. Еліміздің аймақтарын түгел дерлік концертімен аралаған. Музыкалық бағдарламалар, сайыстар, халықаралық жобаларда да бақ сынады.
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 15ҚазанСейсРеспублика СарайыЗалбастап 4000 ₸бастап 4000 ₸