«Фантазия, блюз, фокстрот»
2017 / 2018 Камералық зал V маусым
29 маусым * жұма * 19.00
Концерт
«Фантазия, блюз, фокстрот»
2018 жылғы 29 маусымда «Астана Опера» оркестрінің музыканттары «Фантазия, блюз, фокстрот» концертінде бірегей бағдарлама ұсынбақ.
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы композиторлардың (С.Франк, К.Сен-Санс, Дж.Гершвин, Ж.Массне, Е.Вальтер-Кюне т.б.) шығармалары шырқалады.
Тыңдармандар ерекше аспаптық ансамбльдердің (скрипка мен арфа; скрипка, виолончель мен арфа т.б.) орындауындағы музыканы тыңдап, рахатқа бөленеді. Ұлы романтиктердің туындылары осынау ансамбльдік үйлесімде жанға жақын әрі таныс музыканың жаңа реңктерін ашпақ.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Зынхар Ахметбек (скрипка)
Айнұр Қамалова (арфа)
Назым Уәлиева (виолончель)
Наталья Керносова (фортепиано)
БАҒДАРЛАМА:
С.Франк. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, ля мажор
Эжен Изаиге арналады
1. Allegretto ben moderato
2. Allegro
3. Recitativo-Fantasia. Ben moderato
4. Allegretto poco mosso
К.Сен-Санс. Скрипка мен арфаға арналған фантазия, ля мажор, ор.124
Е.Вальтер-Кюне. П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының тақырыптары бойынша соло арфаға арналған фантазия
Дж.Гершвин. Скрипка мен фортепианоға арналған үш Прелюдия (Яша Хейфецтің өңдеуі)
Бірінші прелюдия B-dur, Allegro ben ritinato e deciso (чарльстон ырғағында)
Екінші прелюдия cis-moll, Andante con moto (үш бөлімді блюз)
Үшінші прелюдия es-moll, Allegro ben ritmato (жылдам фокстрот)
Ж.Массне. «Таис» операсынан виолончель мен арфаға арналған «Толғану» («Meditation»)
Гендель–Хальворсен. Скрипка мен виолончельге арналған Пассакалия