Elevation Afterparty

Тыңдармандарымыз музыканың қызу жанкүйерлері екеніне кәміл сенеміз, сондықтан хэдлайнерлер екінші сетті клубта паш етулерін сұрадық. 

Бұл жолы біраз ертерек аяқтап, Kumano бардың төріне шығып, El Mundo, Siamskaya, Branko & Kai, сондай-ақ  Soul мен Kovaleni лақап аттарымен танымал #elevateyoursound байқауының қатысушыларының ерекше өнерін тамашалайтын боласыздар. Жігіттер финалға іліге алмады, алайды олардың шеберлігі мен өнеріне барлық көрермендер тәнті болғаны анық, сондықтан олар кеш әртістері ретінде шақырылған еді. Келіп, жас өнерпаздарға қолдау көрсетіңіздер!

Кеш хэдлайнері El Mundo туралы айтып өтпесек дұрыс болмас. Ол өзінің нәзік әрі әуенді дауысымен танымал, сондай-ақ Satori және Zazou секілді әртістермен бірлескен жұмысы оның атағын шығарды. Біраз жылдар бойы ол Kindisch, Crosstown Rebels, Voltaire Music сияқты атақты лейблдарда көптеген релиздер шығарды. Оның тректерін Black Coffee, & ME, Rampa, Adam Port және басқа да көптеген диджейлер желілерінен жиі естуге болады.

Ол өзінің музыкасында айналадағы адамдармен, табиғатпен және жануарлар әлемімен өзара байланыс байқалатынын, рухани және өзін-өзі дамытуға үлкен көңіл бөлетінін айтады. Ол былай дейді: «I want to travel through the ears of my listener straight into his or her heart. To transmit my own emotions that’s how my sound works.»

«Elevation Night» 1 наурызға дейін - 6 000 теңге
«Elevation Night» іс-шара күнінде - 8 000 теңге

Маңызды және пайдалы ақпарат:

- Visa картасын иеленушілер үшін 10% жеңілдік (ticketon.kz сайтында төлем жолын таңдау сатысында тиісті тармақты таңдау керек);
- Іс-шара 22.00-ден 05.00-ге дейін жалғасады;
- 21 жастан бастап кіруге рұқсат етілген;
- билеттердің саны шектеулі.

Куманода көріскенше, достар!