ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Қар патшайымы» балаларға арналған балет қойылымы

«Қар патшайымы» балаларға арналған балет қойылымы

Сипаттама

2 актілі балет

I-акт

1 көрініс. Мұзды таулардың бөктеріндегі қарлы жазық - бұл Мұз патшайымының патшалығы. Қар бүршіктері айналып, жел күшейіп, Мұз патшайымы пайда болады, онымен бірге оған адал екі тролль шығады. Патшайым сиқыр жасап, ғаажйып айна пайда болады. Осы айна арқылы мұз патшайымы адамдар әлемін бақылайды. Кенет айнада ал-қызыл раушан көрінеді. Мұз патшайымы бұған ашуланады. Ол барлық тіршілік иелерін, әсіресе гүлдерді жек көреді екен. Мұз патшайымы ашуланып, сиқырлы айнаны сындырып, сынықтары жерге шашылады.

2 көрініс. Көше. Қысқы таң. Балалар көңілді ойындар ойнап жүр, олардың ішінде ажырамас достар Кай мен Герда да бар. Кай Гердаға адал достықтың белгісі ретінде қызыл раушан сыйлайды. Герданы мұндай сыйлық өте қуанышты етеді, ол шынайы гүлдерді, әсіресе раушан гүлдерін жақсы көреді екен. Бұл әрекетті тролльдар бақылап тұрады. Олар Мұз патшайымының тапсырмасы бойынша тыңшы болып, гүлді жақсы көретін адамдарды іздеп, олар туралы Мұз патшайымға жеткізіп беруі керек. Қатты жел көтеріліп, дүрлігу басталады. Кай мен Герда бір-бірінен ажырап қалады. Кайдың көзіне сиқырлы айнаның сынығы түсіп кетеді, жаңа жарасы қатты ауырып барады. Мұз патшайымы келіп, Кайды қатты ұнатып қалады да, оны өзімен бірге алып кетуді шешеді. Тролльдар Мұз патшайымының бұйрығы бойынша Кайды ұстап алып, өзімен бірге Мұз патшайымның мекеніне алып кетеді. Герда Кайды барлық жерден іздеп бастайды. Кайдың ұрланғанын көрген достары Гердаға дұрыс жолды көрсетеді. Герда Кайды қайтаруға бел буып, оған көмекке асығады.

3 көрініс. Герда сүйікті досы Кайды іздеп, мұз патшайымының ізімен жүгіреді. Әлін жоғалтқан Герда өзінің адасып кеткенін түсінеді. Герданы қатты қорқыныш сезімі баурайды. Кенет сүйкімді кемпір пайда болады. Ол Герданы жолдан демалуға үйіне шақырады.

4 көрініс. Гүл бағы. Кемпірдің бақшасы әдемі, гүлдері көп. Бұл гүлдер сөйлесе және би билей алады екен. Герда гүлдермен би билеп, Кай туралы ұмытып тәтті ұйқыға кетеді. Герданың түсіне Кай кіреді. Олар бұрынғыдай ойнап жүреді, Кай оған қызыл раушан сыйлайды. Кейін Герда оянып кетеді. Оған асығу керектігі есіне қайта түседі. Герда әдемі бақтан қашып, ары қарай Кайды іздеуге беттейді.

II-акт

5 көрініс. Мұз патшайымның тролльдары Гердаға Кайды іздеуде кедергі жасап, бұл іс олардың қолынан сәтті келеді. Герда қайтадан адасып кетіп, шарасыздыққа беріліп қатты жылайды. Кенет қара қарға пайда болады. Ол сарайда қызмет ететіндіктен, өте сыпайы және көркем мінезді екен. Герданың оқиғасын естіп, қарға оны сарайға апарып, ханзадаға, ханзадаға және барлық сарай мүшелеріне таныстырмақшы болады.

6 көрініс. Сарайда бал болып жатыр. Сарай мүшелері ханзада мен ханшайымды қарсы алады. Салтанатты би басталады. Би соңында ханзада ханшайымға алтын раушан сыйлайды. Осы сәтте Герда жүгіріп шығып, ханзаданың қарай жүгіреді. Герда оны қателесіп, Каймен шатастырып алыпты. Герда тағы да жылайды. Ханзада мен ханзада оны тыныштандырып, сабасына түсіріп, сыйлықтар, қызметшілерін беріп, әрі қарай Кайды іздеуге жібереді.

7 көрініс. Түн. Орман. Қарақшылар тонаудың жаңа жоспарын дайындауда. Кішкентай қыз - қарақшы басшысы - өзінің үйретілген бұғысын әзілге салып, оны пышақпен қорқытады. Онысымен бүкіл қарақшылардың көңілін көтереді. Кенеттен қарақшылар біреудің жақындап келе жатқанын естиді. Неткен сәттілік! Олар тұзақ ұйымдастыруды шешеді. Гердаға шабуыл жасап, оны тұтқынға алады. Барлық қызметшілер мен бағанағы қарға қашып кетеді. Герда қарақшылардың қолына түседі. Қарақшылар Гердадан сарайда сыйға тартылған заттарды тартып алады. Кішкентай қарақшы Гердадан Кай сыйлаған раушанды да тартып алып, оны лақтырып жібереді. Гүлдер қарақшыларды қызықтырмайды екен. Герда раушанды ақырындап қолына алып, кеудесіне қысады. Кішкентай қарақшы қыз бұл раушанның Герде үшін соншалықты қымбат екеніне таң қалып, түнгі уақытта оны қараңғы орманға не әкелгенін айтуды сұрайды. Герданың қайғылы оқиғасын естіген қарақшылардың оған жаны ашиды. Кішкентай қарақшы қыз байқұс Гердаға көмектесуді шешеді. Ол оған барлық заттарды қайтарып беріп, өзінің бұғысын сыйға тартады. Бұғы оны сүйікті досы Кай күтіп отырған мұз патшайымының мекеніне апаруы тиіс! Герда қарақшыларға шын жүректен алғыс айтып, одан әрі жолға шығады.

8 көрініс. Қарлы боран. Мұз патшайымның патшалығы. Герда мен бұғы қарлы жолды әрең-әрең кешуде. Бұғы әлсіреп құлап, әрі қарай жүруге шамасы болмайды. Герда бұғыға өзінің жылы киімдерін қалдырып, ары қарай Кайды жалғыз іздеуге беттейді.

9 көрініс. Мұз патшайымның сарайы. Мұз залы. Қар бүршіктері мен тролльдар қар патшайымына арнап би шашуда. Мұз патшайымы тролльдарға Кайды әкелуге бұйырады. Кай мүлде өзгеріп кеткен. Оның жүзінде енді күлкі жоқ, оның ойнағысы келмейді. Оны тек қар бүршіктерінің билерін тамашалау ғана қызықтырады. Кай мұз патшайымның барлық әмірліктеріне құлдығып, онымен бірге билейді. Мұз патшайымы Кайды қарлы патшалықтың ханзадасы етуге бел буады. Ол үшін оның жүрегін мұз кесегіне айналдыру үшін оның басына сиқырлы тәж кигісі келеді. Кенет Герда кіріп келіп, Кайға қарай жүгіреді де оны құшақтайды. Кай Герданы еш кедергісіз өзінен итереді. Ол көптен күткен кездесуге мүлдем қуанбайды, Герданы тіпті танымайды. Сонда Герда Кай сыйлаған раушанды көрсетеді. Бұс іс мұз патшайымын күлдіртеді. Ол Кайға тәжді беріп, қарлы патшалықтың ханзадасы атануды ұсынады. Кайдың бір қолында - тәж, екінші қолында - раушан гүлі, оның алдында үлкен шешім тұр. Не қарлы патшалықтың ханзадасы болу, не Гердамен бірге қашып құтылу. Кенеттен Кай раушан гүлінің тікеніне жарақаттанып, гүлді қолынан түсіріп алады. Жарасы қатты ауырып барады. Патшайым қайтадан күледі, ол өзінің жеңісіне әбден сенімді. Сонда Герда Кайдың қолынан ұстап, жарасын сүйеді. Кенеттен ғажап зат орнығып, Кай Герданы есіне түсіреді де қатты құшақтайды! Мұз патшайымының зұлым сиқырлары нағыз достық пен махаббат алдында әлсіз болады. Қарлы патшалық, мұз патшайымы мен оның серіктері жоқ болып кетеді.

10 көрініс. Кай мен Герда үйлеріне қайта оралады! Қайтар жолда оларды достары қарсы алып тұрады. Барлықтары Кай мен Герданың қуаныштарына ортақтасады! Бақытты өмір сүріңдер, қымбатты достар!

* Балет аудио сүйемелдеумен орындалады

* Театр орындаушылар құрамына өзгертулер енгізуге құқылы

* Көрермен залында сатып алынған билеттеріңізге сәйкес орналасуларыңызды сұраймыз

Толық оқыңыз
  • Күні

    10 желтоқсан 2024

  • Өтетін орны

    Алматы қ., Almaty Theatre

  • Уақыты

    19.00

  • Жанр

    балет

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    5+

  • Музыка

    А. Глазунов, Ц. Күй, М. Мусоргский

  • Либретто, идея және хореография

    Майлен Тілеубаев

  • Костюм дизайнері

    Инна Суши

  • Дыбыс Режиссері

    Марат Тілеубаев

  • Бейне проекция суретшісі

    Ербол Бисенов

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 10
    Желтоқсан
    Сейс
    Almaty Theatre.
    Зал
    бастап 3000 ₸
    бастап 3000 ₸