Расписание кинотеатров Актобе
Теперь вы можете подписаться на анонсы Шыңғыс Капин
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Шыңғыс Капин

Шыңғыс Капин

Туған күні
24.07.1986 (38), Ақтөбе, Қазақстан
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Арыстан


Шыңғыс Капиннің актерлік шеберлігі мен кейіпкерлердің бейнесіне кіріп өнер көрсетуінің жоғары деңгейлігі соншалық, көрермен қауым оның әрбір сөзіне сеніп, сахнада актер екені туралы ұмытып та кетеді. Сахна төріне шыққанда, ол өзінің жеке бас проблемаларын, алаңдаушылықтарын сахна сыртында қалдырып, өз кейіпкерінің бейнесіне шебер енеді.

Шығармашылық жолы

Шыңғыс бала кезінде кабинеттерді шатастырып, ағылшын тілінің орнына хореография сабағына кіріп,  шығармашылық ортаға тап болды. Бұл тағдыршешті оқиғаның арқасында ол ата-анасының қолдауына ие болып, Алматыға Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде оқуға көшті.
Училещені бітіргеннен кейін ол балет әртісі болып жұмыс істеуге бармады,  С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтына оқуға түсу үшін Мәскеуге жол тартады, алайда бұл тәуекелі сәтсіздікке ұшырады. Алматыға оралған Капин «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің ұжымына жұмысқа орналасты, онда кез келген жұмысты орындап, режиссерлерге көмектесті. Ал, бір жылдан кейін ВГИК-те тағы да күш сынап көрді. Оқуын аяқтағаннан кейін оңтүстік астанаға оралып, екінші санаттағы рөлді сомдады. Дәл сол жерде оны Әмір Қарақұлов байқап, жас әртіске өз киносында түсуді ұсынды. Осыдан кейін Шыңғыс Капин көптеген фильмдер мен сериалдарда ойнай бастады:

  • «Я здесь»;
  • «Неделимая»;
  • «Цена свободы»;
  • «Золушка Зауре» және т.б.

Қазір Капиннің дарыны жан-жақты ашылды. Ол «ARTиШОК» театрында ойнайды, сондай-ақ оны теледидардан «Қайырлы таң» және «Қазақстан дауысы» бағдарламаларының жүргізушісі ретінде көруге болады.

Шыңғыс Капин: отбасылық өмірі

Үйленбеген, өз сыңарын іздестіруде. Бірнеше жыл бойы баспасөзде оның сахнадағы әріптесі Айсұлу Әзімбаевамен қарым-қатынасы қызу талқыланған еді, алайда уақыт өте келе жастардың жолы ажырады.

Қызықты фактілер

  1. Кинода төсек сахналары болғанын ұнатады.
  2. Театрды жан-тәнімен жақсы көреді.
  3. «На всё» фильміне түсірілім алдында покер ойынының ережелерін түбегейлі жаттап үйренген.