Расписание кинотеатров Актобе

Шоуда тек еркектер Қарағанды қаласында

Лана Квин Светка есімді жұлдызды шоу жүргізушісі Нижняя Сысоевка ауылының тумасы өз мансабын өз қолына алмақшы. Теледидарда жүргізуші болып жұмыс істей келе, ол өзінің ШОУЫН шығаруды шешті. Осы мақсатымен ол үш жан қияр айырылмас доспен танысқан екен.

Сөйтіп Кока, Толясик және Виталя сыра барына бірге барып келгеннен кейін ертеңгісін оянып, өздерін өте жайсыз сезініп, қайда және кім екендерін білмей абдырапты. 

Арасындағы біреуінің үйіндеміз деп ойлаған олар мүлде бөтен жерді танымай, нағыз тұзаққа түскендерін аңғарады. Сөйтсе, бұл жер «Әйел бақыты» бағдарламасы түсірілімі жүретін студия болып шығып, ал олар осы реалити-шоудың қатысушылары екені аңғарылады, себебі қатысу келісімшартында олардың қолдары қойылған екен. Сірә, өз қолдарын олар барда қойған болар, ал енді шегінерге жол жоқ. 

Ерлер толықтай есеңгіреп қалады. Мүлдем қарсы шығады, алайда Лана оларға тәуекелге 5 миллион қойылғанын айтып, бұл сома шоудың жеңімпазына бұйыратындығымен көндіреді. Мұндай ақшаны олардың ешқайсысы үш ұйықтаса да, түстерінде көрмеген еді. Сөйтіп олар бұлтәуекелге бел буды!

Мұндай ақшаға кез келген қарапайым еркектің армандарын орындауға, яғни пәтер мен көлік сатып алуға болады емес пе! Мұндай мүмкіндік үш өмірдің біреуінде де түспеуі мүмкін. 

Бұдан не шығады? Оны жігіттер де, Лананың өзі де білмейді.