Расписание кинотеатров Актобе

Сиқырлы ойыншықтардың құпиясы. Жаңа жылдық қойылым

Жаңажылдық бағдарлама «Сиқырлы ойыншықтардың құпиясы» атты қуыршақ ертегісінен басталады. 

Ал сіздер ғажайыптарға сенесіздер ме?
Біздің ертегіміздің кейіпкері сенбейді екен. Асып-тасыған ойыншықтары да еш қуантпайды екен. 
Ал ойыншықтары қарапайым емес, сиқырлы!

Ертегі аяқталғаннан кейін көрермендер шырша маңында Аяз ата, Ақшақар, ертегі кейіпкерлері Пикачу, Стич, Гусь-Обнимусьпен бірге интерактивті шоу өтетін залға көшеді.