Спортивные матчи Актобе

«ХХ және ХХІ ғасырлардағы сән және оның қазіргі қоғамға әсері» дәрісі Mount Orta-да

Сән мен заманауи әлемге қызығушылық танытушы сәнқой жандардың барлығын киімнің қалай жасалғаны, сән қалай пайда болғаны және оның бүгінгі таңда адамға қалай әсер ететіні туралы баяндалатын қызықты дәріске шақырамыз.

Дәрісте сіз келесі ақпаратпен танысатын боласыздар:
- XX және XXI ғасырларда сән қалай дамыды?
- Қазіргі қоғамдағы адамның қабылдауына киім қалай әсер етеді?
- Сәннің тарихи және мәдени аспектілері.

Дәріс оқитын: Әуеза Тәжиева - Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің киім дизайнері, арнайы пән педагогы.

Дәріс кімге пайдалы болады?
Бұл дәріс жас ерекшеліктеріне қарамастан, заманауи сәнге және оның қайнар көзіне қызығушылық танытатын барлық адамдарға пайдалы болады. Сондай-ақ киім адамның жеке басын және оның қоршаған әлеммен өзара іс-қимылын қалай бейнелейтінін түсінгісі келетіндер үшін.

Сән әлеміне тереңдеп, көптеген жаңалықтарды білу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!