ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ақтөбе
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Жаздың соңы

Жаздың соңы

Сипаттама

«Өмір өте ұзақ» Томас Элиот. Әйткенмен, шексіз емес. Дәл жаз сияқты.

Режиссер Анна Троянованың «Жаздың соңы» қойылымы заманауи американдық драматург және сценарист Трейси Леттстың «Тамыз: Осейдж графстволығы» атты пьесасына негізделіп, әлдеқашан түнерген үйде жарық шоғының пайда болуы туралы сыр шертеді.

Әулеттің отағасы Вестон тылсым түрде ғайып боп кетеді. Оның артынан жоғалар алдында жалданған үнді ұлттық қызметкер әйел мен ауыр сырқаттанған әйелі қалады. Қайғылы оқиғадан кейін бір үйге отбасының барлық мүшелері жиналады. Жаздың қақаған ыстық атмосферасындағы жағдайлардың қысымының астында қалып, күн мен түнді ажыратуды қойған отбасы мүшелері бірін-бірі астарлап, айтылмаған реніштерін ашып, бар сырларын ақтарып, өздерінің шынайы ойлары мен бейнелерін аша бастайды. Осылайша әркімнің өз күнәсі бар екені аңғарылады. Шешім өзі табылғандай болады. Отбасы мүшелері Жоғалған Беверли шалдың ізінен еріп, осы түнерген үйден бас алып қашу керек екенін түсінеді. Мәңгілікке естен шығарып, қашып, жаңа ғұмырға беттеу керек деп біледі.

Осы шешімнің әмірімен жүріп, олардың әрқайсысы ішінде тұнған сезімдерін ашып, өз жолымен жүреді. Бірінен кейін бірі үй қабырғаларын босатып, нәтижесінде онда тек өлім аузында тұрған Виолеттма мен Джоанна ғана қалады. Оның осы үйде атқарар рөлі, орындар парызы біз ойлағаннан да әлдеқашан терең, әлбедір тылсым күшке ие болады. Оның мейірім мен шапағатқа толы рухы үйдің барлық қабырғаларын баурап, іргетасына дейін еніп, толығымен бойлап алады. Оның шет-қиыры санамыздан тыс әлдебір тылсым кеңістікке тартылып, бір мағынаны ашады: жаздың соңы өлімді білдірмейді, ол келесі жылы да жайлы жаз мезгілі қайтадан басталады дегенді білдіреді, себебі махаббаттың құдіреті шексіз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ. М.Горький атындағы драма театры, Желтоқсан көшесі, 13

  • Пьесаның авторы

    Т. Леттса 

  • Премьера күні

    21 наурыз 2023 ж

  • Қоюшы Режиссер

    А. Троянова

  • Актерлер / Суретші

    К. Мақсұтов

  • Жанр

    Трагикомедия

  • Ұзақтығы

     Бір үзіліспен 3 сағат

  • Жас шектеуі

     18+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 2
    Ақпан
    Жекс
    Театр драмы им. Горького (Астана)
    Большой зал
    бастап 4000
    бастап 2000
    бастап 2000