ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ақтөбе
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Inner reflections

Inner reflections

Сипаттама
Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал) Күні: 23 қараша, 2024 Уақыты: 18: 00 Inner reflections концерті Солист – Маурицио БИНЬОНЕ (фортепиано, Италия) Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады Маурицио Биньоне – пианист, композитор әрі жазушы, италиялық және халықаралық музыкалық сахнадағы ең қызықты әртістердің бірі. Оның музыкасы әлемнің ең танымал концерт залдарында орындалады, ал көптеген жеке орындаушылар оның музыкасына бет бұруда. 2022 жылдан бастап Маурицио «Ішкі бейнелену» атауымен жеке фортепианолық концертін беріп, маңызды еуропалық астаналар мен қалаларда гастрольдік сапармен өнер көрсетуде, сондай-ақ ол 2024 жылдың наурыз айында Бразилияның Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро қалаларында өнерін паш етті. «Ішкі бейнелену» – Маурицио Биньоненің көркем жобасы, фортепианомен сырлас әңгіме, естеліктер мен көңіл толқынына толы күнделік, оның естеліктері мен болашақтағы ықылас-тілегіне саяхат, сонымен қатар өмір мен адами қарым-қатынастар, табиғат үні мен оның көркем қозғалысы туралы ой-толғау, Маурицио жеткізгісі келетін терең ішкі әрі рухани ойларға негізделген концерт, ол адамдар мен қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынасқа, үміт сәулесі сөнгенмен, әлі де мүмкін болатын қарым-қатынасқа біздің назарымызды аударғысы келеді. Маурицио – шеберлігі шексіз суреткер, оның концерттері – біз үшін ғибрат. Бірақ күнделік жай жазбалардан ғана тұрмайды... бұл Мауриционың ойларын жазған кітапшасы, олар кейін концерттің бір бөлігіне айналмақ. Маурицио өнер көрсеткен кезде өзінің құштарлық пен сезімге толы жазбаларын оқып беріп, көрермендерді өз эмоцияларының куәсіне айналдырады. Фортепиано үні мен оның дауысы алма-кезек ауысып, сыртқы әлемге қатысты мазасыз ішкі жан-дүниесін, сырлы да сыбырлы диалогты сипаттайды. Осының бәрі Италияда Ковидке байланысты екі айлық оқшаулану кезінде, сырттағы ауа қозғалыссыз қалып, уақыт тоқтап тұрғандай сәтте жазылған екен... БАҒДАРЛАМА: 1) Tempo sospeso 2) Black sea 3) Rain 4) Welcome back home 5) Blue butterfly 6) Angeli 7) Cold wind 8) 21 grams soul 9) Sensibile 10) Flying 11) The ancient soul 12) Sussurri 13) Old leaves 14) Waves «Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)   

  • Күні

    23 қараша, 2024

  • Уақыты

    18: 00

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 23
      Қараша
      Сенб
      Astana Opera
      Камерный зал
      бастап 18000
      бастап 18000