Google ad services
Любовница в Нур-Султане

Демалыс күндеріндегі флейта сазы

2017 / 2018                    Камералық зал                     V маусым

25 наурыз * жексенбі * 18.00

Концерт

«Демалыс күндеріндегі флейта сазы»

25 наурыз күні сағат 18.00-де «Астана Опера» Камералық залында «Демалыс күндеріндегі флейта сазы» атты флейта музыкасына арналған концерт өтеді. «Астана Опера» театрының оркестр солистері жеке орындаушылар ретінде өнер көрсетеді.  Олардың әрқайсысы өздерін өнерпаз әрі сезімтал дарынды ансамбль орындаушысы ретінде танытатын болады. Камералық зал концерттерінде жиі орындалмайтын тамаша музыка шарықтайды.

 

Бағдарлама:

Ж.Кастеред. «Демалыс күндеріндегі флейта сазы»

А.Жоливе. Сыбызғы және ішекті аспаптарға арналған концерт

Ф.Борн. Ж.Бизенің «Кармен» операсының флейта мен ішекті аспаптарға арналған тақырыптарындағы фантазия

С.Шаминад. Концертино

Ф.Допплер. «Флейтаға арналған венгер фантазиясы»

Ф.Мартен. «Баллада»

И.Андерсон. «Баллада және сильфтер биі»

К.Допплер. Дж Вердидің «Риголетто» операсының тақырыптарына фантазия

А.Вивальди. Пикколо флейтасына арналған концерт

 

Орындаушылар:

Флейташылар – Александр Тараскин, Балжан Сапарова, Әлима Әбеуова, Аида Әбдіқадырова, Жанбота Балғабеков, Әйгерім Дәуітбаева.

 

«Астана Опера» Камералық оркестрі

Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады