ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ақтөбе
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Абай»

«Абай»

Сипаттама

Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди

«Абай»

Төрт бөлімді опера

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

Ұзақтығы 2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

* * * * *

Либретто авторы Мұхтар Әуезов

Премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы МАОБТ өтті

«Астана Опера» театрындағы премьерасы 2015 жылғы 25 қыркүйек

Ұлттық классика жауһары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы дирижер Алан Бөрібаев пен режиссер Джанкарло дель Монаконың жаңа қойылымында көрерменге жол тартпақ. Қойылымның музыкалық жетекшісі театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың партитураны жеткізе білуі ерекше: музыкалық материал анық-қанық түсіндіріліп, ой шыңының асқақ биігінде оқылған. Оның басқаруындағы оркестрдің үні де есте қаларлық!

Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапиноның керемет үйлескен шығармашылық жұбы сахна төрін түрлендіріп, бірегейлігімен тамсандырады. Осылайша, ақынның ішкі жан-дүниесінің байлығы Абайдың жұмыс орнының көрінісінде айқын байқалады: алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус, армилляр (астрономиялық құрал), ұлы данышпандардың мүсіндері... Ал бөлменің есігі тұтас әлемге айқара ашылғандай!

Соңғы көріністе пайдаланылатын 3D-технологиясы өте орынды қосылып, шаттыққа толы әсерге бөлейді, жүректерді отансүйгіштік сезіміне толтырады.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Абай Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Айдар Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Талғат АЛЛАБИРИНОВ

Ажар Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері

Әзім Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ / Мерей ҚАДЫРХАНОВ

Жиренше Талғат ҒАЛЕЕВ /

Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Қарлығаш Татьяна ВИЦИНСКАЯ /

Айгерім АМАНЖОЛОВА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Көкбай Сұлтан БАҚЫТЖАН

Сырттан Валерий СЕЛИВАНОВ /

Шыңғыс РАСЫЛХАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Нарымбет Рамзат БАЛАКИШИЕВ / Артур ГАБДИЕВ

Мес Артур ГАБДИЕВ / Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер Элмар Бөрібаев

Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако

Режиссердің кеңесшісі Есмұқан Обаев, Қазақстанның Халық әртісі

Сценограф Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино

Хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша суретші Серджио Металли

Жарық бойынша суретші Виничио Кели

Қоюшы балетмейстерлер Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Ғалия Бөрібаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенті Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Арасель Досмұратова

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады

2018 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    13,14, 22, 24 қыркүйек , 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 22
    Қыркүйек
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000
  • 24
    Қыркүйек
    Сейс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000