Расписание кинотеатров актау
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Өйтпесе, Мағжан бола ма?

 

Қойылымда  қазақ халқы мақтаныш тұтатын, өмірін өз елінің болашағына арнаған, қазақтың  дарынды  ақыны  Мағжан  Жұмабаевтың  жастық шағынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне  дейінгі өмір жолы, абақтыдағы  азапты  ғұмыры мен жұбайы Зылихаға деген адал махаббаты суреттеледі.

Оқиға арпалыспен өткен бір ғасырлық өмірі артта қалған,  Мағжанның өмірін сонау балалық шағынан бастап соңғы сәтіне дейін түп-түгел білетін ақынның  жары Зылиханың  актриса  келіншекке   айтуы  бойынша   өрбіп  отырады. Қойылым  соңы,  сүйікті жары Мағжаншылап айтқанда – «Әлдиле, өлім, әлдиле» деп, ақын өмірінің барлық шындығы көкірегінде қаттаулы жатқан соңғы адам Зылиха  ананың  өлім құшағына енуімен  аяқталады.