rebranding

Әлемдік рок-опералар мен мюзикл хиттер

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

27 қараша * сейсенбі * 19.00

Хор музыкасының концерті

«Әлемдік рок-опералар мен мюзикл хиттері»

 

2018 жылдың 27 қарашасы театрдың Камералық залында Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры өз бағдарламасын ұсынады.

2004 жылы негізі қаланған хор ұжымы бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың марапаттарын иеленген, олардың қатарында «World Choir Games» қос Алтын медалі (Латвия, 2014), «Шабыт-2014» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Бас жүлдесі (Астана), «Жұбанов көктемі-2012» Халықаралық байқауының Бас жүлдесі (Ақтөбе), «Хайнувка» ХХХ Халықаралық рухани музыка фестивалінің Бас жүлдесі (Польша, Белосток, 2011), Бейжіңде өткен Бүкіләлемдік хор форумының екі Алтын кубогы (Қытай, 2011), «Астана – ән қанатында» Бас жүлдесі (Астана, 2008) және т.б. бар.

Хор ұжымының ауқымды репертуарына ұлттық және әлемдік классика туындылары енеді.

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Гүлмира Құттыбадамова.

Бағдарламада бродвейлік мюзиклдер мен рок-опералардың хорға арнайы өңделген хит әуендері шырқалады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут