Scorpions в Алматы

Классика және тағы да…

2015 / 2016 Камералық зал IIІ маусым

25 ақпан 19.00

«Классика және тағы да…»

25 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Классика және тағы да…» деп аталатын концертте белгілі қазақстандық музыкалық аспап шеберлері Ермек Құрманаев (виолончель), Арман Тілеубергенов (фортепиано) және тенор, «Астана Опера» солисті Мейір Байнешов өнер көрсетеді. Олар классика және камералық-вокалдық өңдеудегі танымал неополтандық және қазақ әндерін шырқалатын кешке шақырады.

Австрия, Польша, Ресей және Франциядағы халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты Ермек Құрманаев шетелдерде қазақ орындаушылық өнерін тиісті деңгейде танытып келе жатқан, саусағынан бал тамған дарын иесі әрі жан-жақты музыкант.

Ол шамамен 10 жыл бұрын дарынды пианист Арман Тілеубергеновпен шығармашылық жұп құрған және 2009 жылы Магнитогорскте өткен Т. Гайдамович атындағы халықаралық камералық-ансамбльдік орындаушылық байқауында жоғары баға алып, бірінші дәрежелі сыйлықты иеленген.

«Астана Опера» солисті Мейір Байнешов – халықаралық байқаулардың лауреаты, соның ішінде Мәскеуде өткен «Романсиада» халықаралық байқауының бірінші дәрежелі сыйлық иегері. Италияда машықтанудан өткен. Оның репертурарына жетекші опера партияларымен қатар, танымал неаполитандық, орыс, қазақ әндері мен романстары кіреді.

 

Кеш бағдарламасында:

Сезар Франк. Ля мажор сонатасы

Танымал қазақ және неаполитан әндерінің ансамбльдік орындаудағы өңдеулері (фортепиано, виолончель, вокал)