Расписание кинотеатров актау

Ертегілер әлемі

Өтетін орны: "Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония" МКҚК

Күні: 2022 жылғы 24,25 желтоқсан

Басталуы: 14:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 3+

 

 

 

 

Балалардың қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде филармония ұжымдары түрлі шаралар мен концерттерді өткізіп келеді және бұл концерттер көрермендер арасында үлкен танымалдылыққа ие болып үлгерді. Мұндай шаралар мен концерттер арқылы балалар өздерінің музыкалық қабілеттерін шыңдап, шығармашылық тәжірибе жинақтайды және кәсіби деңгейлерін арттырып, сахна мәдениетін үйренеді.Сондай бірегей концерттердің бірі – «Ертегілер әлемі».

Биыл балалар жылына орай жоспарланған «Ертегілер әлемі» концертіне Шолпан Қорғанбектің «Артспорт» өнер студиясының балалары, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің жетекшілігімен Қазақстан Гиннесінің рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Болат Алпысбаевтың жетекшілігімен «Qazband», Анель Ислямова жетекшілік ететін «ALEM» эстрадалық би ансамблі, филармония орындаушылары – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлнұр Оразымбетова, Алтынай Жорабаева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Ораз, Парасат Отан, Ақбота Құснадин, Айдын Жұмабай, Диана Май, Әкімхан Мәженов, Мұратбек Хайролда қатысады. Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы.

Шолпан Қорғанбектің айтуынша: «Ертегілер әлемі» концерті ең талғампаз көрермен үшін өте қызықты болмақ. «Артспорт» өнер студиясының оқушылары өздерінің жастығына қарамастан, көп нәрсеге қол жеткізген өнерпаздар. Біз студияға балаларды ерте жастан бастап қабылдаймыз, оқытамыз және әртүрлі концерттерге, байқаулар мен фестивальдерге жібереміз. Концертте жас өнерпаздар түрлі жанр мен стильдегі шығармаларды орындап, талғампаз көрермендерді таңғалдырады.»

Кеш барысында заманауи композиторлардың әндері мен «Алдар Көсе», «Чунга-Чанга», «Маша мен аю», «Едет трактор», «Фиксики», «Арыстан патша», «Аладдин», «Сұлу мен құбыжық» және т.б. мультфильмдердегі музыкалар орындалады. Концертте жеке вокалдық және аспаптық (флейта, ксилофон) өнер көрсетулермен бірге «Qazband» және «Қорқыт» этно-ансамблінің сүйемелдеуімен вокалдық-аспаптық дуэттер және ансамбльдер болады.