Летние развлечения на Ticketon.kz

Astana Ballet EXPO GALA. 25 августа

Astana Ballet EXPO GALA. 25 августа

«Астана Балет» Театры «Астана Балет ЕХРО GALA» бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаға Театр репертуарындағы отандық және шетел хареогрофтармен жасалған үздік қойылымдар енді. Бағдарламада негізгі екпін қазіргі кездегі би үрдістері мен трендтері көрсетілген  заманауи қазақстандық балет өнеріне қойылған. 

Бірінші бөлімде Л. Шифрин, А. Пьяццолл, К. Гардель, С. Косугидің музыкасына Рикардо Амаранте бельгия харегрофымен қойылған бір актті ЖӘЙ ЖАНҒАН ОТ/ A Fuego Lento балеті көрсетіледі. Сіз өзіңізге махаббатты, тән мен ынтызарды енді ашқан сәтіңізде, үрей мен эмоционалды қызудың алғашқы сезімдері – бұның бәрі Сізді ақырындап іштей өртейді. Әр адам үшін әлем бір сүйікті адамында жиналған және өмірдің мәні – махаббатта. 

Бағдарламаның екінші бөлімі «Ұлы дала мұрасына» хареографиялық миниатюралар қосылған, онда Ұлы дала кеңістігінде болған таңғаларлық оқиғалар жайлы әңгімеленеді. Бағдарламаның әр қойылымы өзінің стилистикалық ерекшеліктерімен, визуалды-көркемдік әсерлермен сүйемелденетін хареографиялық суреттер мен пластикасымен, ұлттық хареография мен неоклассика стилінде шешілген өзіндік шағын спектакль ретінде көрсетілуімен қызықты.  

Бағдарлама «Diversity» (Бидің түрлілігі) бір актті балетімен аяқталады. Рикардо Амаранте хареографиясы. Сценографиясы, костюмдер, жарық - Рене Салазар. 

“Diversity” балеті көрермендерге керемет балет әлеміне өткенге шолу саяхатын жасауға мүмкіндік береді. Уақыт музыкалық сүйемелдеуді, костюмдерді, бишілер қозғалысын өзгертті, бірақ мәңгі жас өнер өткен дәуірлердің романтикалығын сақтай алды, неоклассканың қиын элементтерімен молая түсті, жан-жақтылыққа толы бүгінгі әлемге сай стилін, динамикалылығын тапты, заманға сай бола білді.