Расписание кинотеатров актау

«ŞAM» театры «№37» спектаклімен Атырау қаласында

Театр «ŞAM» со спектаклем «№37» в АтырауӨтетін орны: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры

Спектакльдің авторы: Исмайл Иман

Премьера күні: 4 қыркүйек, 2022 жыл

Қоюшы Режиссер: Фархад Молдағали

Жанр: Драма

Ұзақтығы: 1 сағат, 20 минут

Жас шектеуі: 16+

Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді

 

Он бес жыл бұрын ел тарихындағы ең үлкен террористік акт орын алып, көптеген жазықсыз адамдардың өмірін қиды.

Бірақ араға он бес жыл салып, қайғылы оқиғаның кезекті еске алу күнінде Ягубовтар отбасының әдеттегі өмір салты күрт бұзылады.

Бастарына қайғы орнаған жақын адамдар алдарына келіп тұрған жолаушының - ақымақ диуана ма, әлде өмірге қайта келіп, мәнін тапқан саяхатшы ма, яки жай ғана қорқақ жексұрын ба, кім екенін түсінуге тырысады.

Ойдан шығарылған террорлық шабуылдың аясында осы жалған отбасының ішінде нағыз бүлік қайнап жатыр. Бұл - жалған құндылықтары бар жасанды адамдардың, әрқайсысы өз ішіндегісін айтып, шындыққа ұмтылғанымен, ешкім ешкімді тыңдамайтын бір-біріне жат туыстардың драмасы.