Жандос Қаржаубай Алматы қаласында
Описание
ЖАНДОС ҚАРЖАУБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ!
Көпшілікке «Көзмоншағым», «Уақыт», «Көктемде үйленем», «Ақмаралым» және өзге әндерімен танылған жас әнші ЖАНДОС ҚАРЖАУБАЙ алғаш рет өз тыңдармандарын ән кешімен қуантады!
Өнер жолында тек хит әндердің орындаушысы ғана емес, авторы болып үлгерген Жандостың туындыларын қазақ эстрадасының бірқатар азаматтары орындап жүр. Қуандық Рахымның репертуарындағы «Жан досыма», «Алматы», Кеңес Әлімжан танылған «Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?», Әбдіжаппар Әліқожаның «Келесі кездесу», «Хақың бар өмір сүруге» әндерінің сазгері. Мерекелік кеште жас та болса, өнерімен баураған Жандостың өмірдегі де өнердегі де ағалары мен әріптестері өнер көрсетеді. Олардың қатарында, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрболат Абдуллин, Жұпар Садақбаева және өзге де эстрада өкілдері ән шырқайды.
Концертте Жандос Қаржаубайдың алғашқы шығармашылық жолынан бастап, бүгінгі күнге дейін тыңдарманның көңілінен орын тапқан үздік әндері орындалады. Жүректі тербеп, жаныңызды емдейтін әдемі кеште ырғақты әуендерге билеп, жан тебірентер ойлы әндерге бірге сыр шертейік!
Сіздерді 7 ақпан, сағат 19:30-да Республика сарайында күтеміз!
Өтетін орны
Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Республика сарайы
Күні
7 ақпан 2025 жыл
Басталуы
19:30
Жанр
концерт
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 7февраляптДворец Республики07.02.25 - Жандос Қаржаубайот 4000от 4000