Афиша кино в Костанае

Періштелер әзілі

Басты кейіпкердің бірі жасы келген дәулетті қыз, екіншісі нәуетек бозбала... Оларды қорғап, қолдап жүрген қос періште ойда жоқта жолығып, дауласып қалады қалады. Қыздың жігіті, жігіттің құлай сүйген ғашығы бар. Той болатын күн де алыс емес. Бірақ бұл жолы екі жастың арасына әзәзіл емес, періштелер түсті. Олар өздері қорғап жүрген жандарды сөз байласқан сүйгендерінен айырып, бір-біріне қосуға бәстесті. Іс насырға шапты. Ғашықтардың арасына қызғаныш өрті лаулады. Жағдайды реттеуге дәрігер дәрменсіз, тіпті, періштелердің өзі пұшайман бола бастады...

Оқиғаның аяғы немен тынды, оны «Періштелер әзілі» романтикалық комедиясынан көріңіздер, театрға келіңіздер!