ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Костанай
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
«Ән шуағым - Айналайын» атты

«Ән шуағым - Айналайын» атты

Описание

«Ән шуағым - Айналайын» атты

«АЙНАЛАЙЫН» балалар хорының

25 ЖЫЛДЫҚ КОНЦЕРТІ

Көркемдік жетекшісі: Ы.Алтынсарин, Мәдениет саласының үздігі медальдерінің иегері - Гүлмира Жангелді

2024 жылдың 05 мамыр күні, сағат 17:00-де Астана қаласы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебіне қарасты «Айналайын» балалар хорының 25 жылдық мерейтойлық концерті өтетінін хабарлаймыз!

Бастауын 1999 жылы 15 ақпанда Қостанай қаласынан алған, 2001 жылы Астана қаласында жалғасын тапқан «Айналайын» балалар хоры қазақ тіліндегі жаңа авторлық әндерді жарыққа шығарып, оларды насихаттайтын еліміздегі бірегей өнерлі топ.

№2 өнер мектебіне қарасты «Айналайын» балалар хоры Республикамызда өтетін маңызды мемлекеттік ресми және мәдени іс-шаралардың өтуіне атсалысып жүрген беделді хор ұжымы.

«Айналайын» балалар хоры қазақ тіліндегі балаларға арналған авторлық әндердің тұңғыш орындаушысы ретінде жас жеткіншектерге үлгі болып келеді. Көптеген балаларға арналаған жаңа әндер осы топтың арқасында танымал болып, қазіргі танда Қазақстанның барлық аймақтарында орындалып жатыр.

Айта кетерлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндерінің республикалық фестиваліне арнап, концертті «Ән шуағым - Айналайын» деп атадық.

Кешке қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов, Арайлым Рахым, Нұрлан Әлімжан, Маржан Арапбаева, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Фарида Жолдасова, Мақпал Жұмабай, Рухия Байдукенова, Еркеш Хасен, Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно ансамблі (көркемдік жетекшісі: Шолпан Қорғанбек), «Астана» эстрада-симфониялық оркестрі (көркемдік жетекшісі: Ержан Исин, Бас дирижёр - Қасым Айтбаев, дирижёр - Әліби Әбдінұров), Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік хоры (көркемдік жетекшісі: Батыржан Смақов, хормейстер: Марина Бухвалова) қатысады.

Концерт аясында балаларға арналған қазақ тіліндегі жаңа әндер патша көңіл көрермен назарына ұсынылмақ.

Читать полностью
  • Өтетін орны

    Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1/1, Кенесары көшесі, 32, Астана қаласы филармониясының концерт залы

  • Күні

    5 мамыр 2024

  • Басталуы

    17.00

  • Жанр

    концерт

    Поделиться:

    Расписание
    • Дата
      Место
      Зона
      Взрослым
      Детям
    • 5
      мая
      вс
      Концертный зал Государственной академической филармонии им Е.Рахмадиева
      Зал
      от 2000
      от 2000