Үнсіздік

Қоғамда барлығымыз басымызға іс түскенше батырмыз. Адамның басына түскен істің байыбына бармай пікір жазып, ақыл айтуға дайын тұратынымыз да өтірік емес. Әлеуметтік желіде өздерін әлемнің қорғаушысы санайтын сансыз блогер, өмірдің шындығымен бетпе-бет келгенде бұғып қалатыны тағы бар.

Біз кейде қоғамға керексіз, адам қатарына санамайтын топтарды сынап, мінеп кездесе қалса жиіркеніп, балаларымызға құбыжық етіп көрсетеміз. Әрине, ұрпағымыз сондай жандардай болмаса екен дегенімізден шығар. Бірақ, олардың ішкі жан дүниесіне, өмір жолына үңіле алдық па? Себеп салдарын саралай алдық па? Көп жағдайда үнсіз қалып, болашағымыздың емес, қара басымыздың қамын ойлаймыз. Қоғамдағы көзіңіз көрген қателіктер қайталанған уақытта үнсіз қалмауыңыз үшін не істеу керек?!

Ендеше, театр тілінде сахнадан біз жеткізуге тырысайық. Ал, сіз көріңіз!