Қазақтар

Қазақтар/Театр им. Омарова

Автор: Қалихан Ысқақ, Шаһимардан Құсайынов

Премьера күні: 5,6 мамыр 2021 ж.

Режиссёр: Тұңғышбай Жаманқұлов

Актерлар: Қонысбек Бегайдаров, Қуаныш Маратұлы, Мейрам Жапаров, Азамат Шөкеев, Ерхан Барақов, Олжас Бегайдаров, Нұрлан Байшин, Диана Тұрсынова, Ақбота Ықылас, Зәуре Сүндет, Әсем Есжанова, Күлай Ахметова, Қымбат Әуезханова, Ғабит Қызыров, Қабдолмәжит Иманов, Жібек Үсенова

Жанр: тарихи драма

Ұзақтығы: 1 сағат 50 минут

Жас санаты: 12+

Қосымша: Ілеспе аудармасы бар

Он бесінші ғасырдың екінші жартысында  «Алтын Орда» төрт мемлдекетке бөлінді.  Соның бір бөлігі Әбілхайыр ханның билігінде қалып, Алтын Орданың соңғы ханы Өзбектің құрметіне Өзбек-қазақтар деп атаған еді. 1450 жылы  Әбілхайырдан бөлініп шыққан Жәнібек пен Керей бастаған өзбек-қазақтары  1457 жылы қазақтың тәуелсіз мемлекетін жариялады.  Шу бойына табан тіреген қазақ мемлекеті ендігі жерде хандықты қалай сақтап қалмақ. 

Қорған болар нуы, арқа сүйер бекінісі жоқ қу далада ел болып хандық құру қауіпті екені белгілі. Әбілхайырдың немересі Мұхаммадтың ұсынысын қабыл алып, қайта сол өзбек хандығының қолтығының астына кіру керекпе? Әлде тәуекелге бел байлап артынан ерген елге ие болып мемелекеттікті сақтап қалған дұрыспа?  Шайбанидың көздегені хандық болса Қасым сұлтан оған қалай тосқауыл қойған жөн? Қасым әкесі Жәнібек пен Керей бастап кеткен жолды қалай жалғамақ? Бұл сұрақтарға көрермен сахнадан жауап табары анық.