rebranding

«Арена» Семей қаласында

«Арена»  –  тартысқа толы тағдырлардың, қайшыласқан тірлік пен арпалысқан өмірдің шырмалып жатқан алаңы!
 
Шырмауға түскен шындықтың шынайы келбетін кім ашады? Арбау мен алдауға түскен ақиқатты шарасыздықтан кім алып шығады?  Өтірік пен көзбояушылықтың торына түскен тобырлық, құлдық сананы кім оятады?
 
Әділеттілік пен адалдықты, ар мен намысты қорғайтын рух болмаса?!
Ұлтты ояту үшін, рухты ояту керек. 
 
Осы жолда Абадан мен Аққұртқа аренаны жаңаша жаңғырған рухы мен әділдік туының тұғырына айналады. 
 
Цирктің аренасы мен әлемдік аренаның арасын арқау еткен бұл қойылым - Ақиқат айнасы!  
Айнадан түріңді көрме, діліңді көр! 
Рухын сағынған үніңді есті!
Иә, біздің,  «Аренадан...»
 
Актерлар:
 
Дулыға Ақмолда, Алмас Шаяхметов, Жанаргүл Жаныаманова, Жандарбек Садырбаев, Кенжебек Башаров, Айбек Иманқұлов, Ғалым Амангелдіұлы, Шолпан Ибрагимова, Жансая Өмірбекова,  Ералхан Мырзахмет, Дастан Жаныаманов