Петя мен қасқыр

Филармония өзінің кішкентай көрермендерін қуантуды жалғастыруда. 

25 наурызда Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында. (Абай даңғылы, 29) кішкентай көрермендерге С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі ұсынылады. Басталуы сағат 15:00-де.

Ертегіні жаза отырып, композитор Сергей Прокофьев балаларға симфониялық музыка әлеміне «енуге» және симфониялық оркестрдің аспаптарымен ертегі түрінде қызықты таныстыруды мақсат еткен. 

Әрбір кейіпкердің өз музыкалық тақырыбы бар, оны белгілі бір музыкалық аспап орындайды. Ертегінің басты кейіпкері – Петя атты бала бүкіл орман тұрғындары қорқатын қасқырды ұстап алу үшін аңшыларға көмектеседі. Мұнда әр кейіпкердің өз аспабы бар. Петяны ішекті аспаптар – скрипкалар сүйемелдейді, үрейлі фагот атасы болып ойнайды, қасқырды үш мүйізді валторна орындайды, құс – флейта; үйрек – гобой; мысық – кларнет. Аңшыларды, басқа кейіпкерлерден айырмашылығы, оркестр орындайды, ал олардың мылтықтарынан шыққан оқтардың дыбысы – соқпалы аспаптар – литавра және үлкен барабан арқылы беріледі. 

Жас тыңдармандарды музыканың ғажайып әлемімен танысып, оның сан алуандығын ашуға шақырамыз.