Тикетон теперь в Таджикистане!
Помощь без выходных:
+99293-995-19-30

«Сәкеннің соңғы сапары» Гастроли театра им. Сейфуллина в Алматы

Купить билеты
Купить билеты

«Сәкеннің соңғы сапары»

Жолтай Әлмашұлы

/тарихи драма/

Қоюшы- режиссері - ҚР мәдениет қайраткері,

Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Д. Еспаев

2019 жылы қазақтың сұңқар ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толып отыр.

Осы орайда Арқадағы қазақ театр өнерінің қарашаңырағы - Сәкен атындағы облыстық драма театр алматылық көрермендерге «Сәкеннің соңғы сапары» атты қойылымды ұсынады.  

Спектакльге ақынның туып өскен жері Арқа еліне шеккен соңғы сапары арқау болған. Қойылымда Сәкеннің тіл, қазақ жерінің тұтастығы, ұлттық кадрларды дайындау мәселелеріне байланысты ойлары кейіпкерлердің  арасындағы диалогтар арқылы көрініс тауып отырады. Ең өкініштісі, өзі қолымен құрған Совет үкіметінің қандықол саясатының кесірінен кіндік қаны тамған Жаңарқа топырағына да атбасын тіреп, ағайын-туысымен бақұлдаса алмай, соңғы сапары шорт кесіліп, үш әріптің құрығына ілінеді...  

Қиын-қыстау кезеңде жүрегі ұлтым деп соққан тұлғаның басынан кешкен «тар жол, тайғақ кешулері» тарихи  деректермен, әсіреленбей жеткізілген. Сондай-ақ спектакльдің тартымды бір ерекшелігі – қойылым қайраткерлігімен қатар, ақын, әнші, композитор Сәкен әндерімен әрленіп, көмкеріліп отырады.

Спектакльде театрдың майталман актерлері ҚР еңбек сіңірген артистері Е.Жүніспеков, К.Жұмабеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Кемалов, ҚР мәдениет қайраткері С.Бекболатовтармен қатар киелі театр сахнасына жаңа қадам басқан жас  буын артистер де өнер көрсетеді.