ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Астана
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
НЕИСТОВЫЙ ОРЛАНДО. Премьера! (AstanaOpera)

НЕИСТОВЫЙ ОРЛАНДО. Премьера! (AstanaOpera)

Описание

«PICCOLO» ТЕАТРЫ

ПРЕМЬЕРА

Антонио Вивальди

«ҚАҺАРЛЫ ОРЛАНДО»

Екі актілі опера

Людовико Ариостоның «Қаһарлы Орландо» поэмасы бойынша

Грацио Браччьолидің либреттосы

Алғашқы орындалуы: Сан-Анжело театры (Венеция), 1727 жыл

«Астана Операдағы» премьерасы 2024 жылғы 4 5 қазан

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен қамтылған)

Антонио Вивальди композитор, скрипкашы-инструменталист, педагог ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы ең көрнекті музыканттардың бірі. Оның 94 операсының ішінде «Қаһарлы Орландо» (түпнұсқа атауы «Қаһарлы Роланд») барокко мен классицизмнің, патетика мен қаһармандықтың, комедия мен сиқырдың алуан түрлі үйлесімімен ерекшеленеді.

XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы музыка сәні жарқын бояуларды, би ырғақтарын, көңілді үндестілікті, оркестрдегі өзгеше әуез бен музыкалық думанды талап етті. «Қаһарлы Орландоның» музыкасы осы стильді ұстанған.

Альцина мен Орландо сиқырланған махаббат патшалығының басты кейіпкерлері. Мұң қажытып, қос жүрекке ортақ махаббатты аңсаған Альцина Руджероны дуалап алады да, Астольфоның азап шеккеніне қарамастан, еркекше киініп алған Брадамантеге жауап беруге дайын. Тылсым арал албырт Роландты есінен адастырады. Екі кейіпкер де жұптардың (Анжелика мен Медоро, Брадаманте мен Руджеро) шырқын бұзады, бірақ сәтсіздікке ұшырайды: Альцина сиқыршы қасиетінен айырылады, ал Роланд махаббаттан айығады. Татулық пен табиғилық үйлесім табады.

Көзі тірісінде Антонио Вивальди өте танымал музыкант болды. Алайда барлық жетістіктері, марапат белгілері мен көпшіліктің құрметіне қарамастан, оның танымалдылығы қайтыс болар алдында және одан кейін тез бәсеңдей бастады. Композитор әрі скрипкашы екі ғасырға жуық уақыт ұмыт қалды. Бірақ ХХ ғасырда әйгілі италиялықтың өнеріне деген қызығушылық оның шығармашылық кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай арта түсті.

«Қаһарлы Орландо» операсының заманауи тыныс-тіршілігі 1977 жылы Клаудио Шимоненің жетекшілігімен басты рөлдегі меццо-сопрано Мэрилин Хорнмен жасалған жазбадан басталды. Бүгінде ол барша әлемде орындалуда. Ал ариялары концерттік нөмірлер ретінде кең танымал.

УДОЖЕСТВЕННО-ПОСТАНОВОЧНАЯ ЧАСТЬ:

Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жаңа музыкалық тұжырымдама авторы және қоюшы режиссер Алла Симонишвили

Костюмдер мен декорациялар бойынша суретші Манана Гуниа

Жарық бойынша суретші Сергей Кулак

Көркемдік-өндірістік бөлім жетекшісі Виктор Караре

Дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенті Николай Куликов

Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті Гүлмира Исемғазиева

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Дариға Тайшықова

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова, Мәнсия Естекова

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ ЖӘНЕ ОРКЕСТРІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Читать полностью
  • Место проведения

     г. Астана, Astana Opera (Камерный зал имени Куляш Байсеитовой)   

  • Дата

    4-5 октября, 2024

  • Время

     19:00 и 18:00

  • Продолжительность

     2 часа (с одним антрактом)

  • Возрастное ограничение

    10+

  • Дополнительно

     Дирекция оставляет за собой право замены исполнителей и исполняемых произведений.

  • Жанр

    концерт

Поделиться:

Расписание
  • Дата
    Место
    Зона
    Взрослым
    Детям
  • 4
    октября
    пт
    Astana Opera
    Камерный зал
    от 6000 ₸
    от 6000 ₸
  • 5
    октября
    сб
    Astana Opera
    Камерный зал
    от 6000 ₸
    от 6000 ₸