ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Шымкент
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Бах және оның замандастары

Бах және оның замандастары

Сипаттама

«Бах және оның замандастары»

барокко музыкасының фестивалі

(Иоганн Себастьян Бахтың 340 жылдығына орай)

Бірінші концерт

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 1 сағат 45 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Кемеңгер неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың туғанына биыл 340 жыл толады. Үш ғасырдан астам уақыт бойы адамзат әйгілі барокко шеберінің шығармаларынан шабыт алып келеді.

«Бах және оның замандастары» барокко музыкасының фестивалі ұлы композитор, органист әрі ұстаздың өнеріне құрмет әрі тағзым болмақ. Үш музыкалық кеш бағдарламасында И.С.Бахтың туындыларымен қатар оның замандастары мен ізбасарлары А.Вивальди, Г.Ф.Гендель және т.б. музыкасы шырқалады.

Фестивальге идеялық шабыт берген «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Айсұлу Байкенова. Онымен бірге фестиваль бағдарламасына театрдың опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі қатысады.

Фестивальдің алғашқы концерттік бағдарламасында И.С.Бахтың шығармалары мен А.Вивальдидің Gloria вокалдық-симфониялық ораториясы шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Солистер:

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Салтанат МҰРАТБЕКОВА (меццо-сопрано)

Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)

Айсұлу БАЙКЕНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Алексей КОСЫРЕВ (флейта)

Камералық ансамбль:

Әнел ШӘКІРОВА (скрипка)

Әсел ЖАҚИЯНОВА (скрипка)

Ирина ДОЛГИХ (скрипка)

Толқын ҚИЛЫБАЕВА (альт)

Ахмет СҰЛТАНОВ (альт)

Саид МАМЕДОВ (альт)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Айдар ҚАЗКЕН (виолончель)

Мағжан САҒАДИ (виолончель)

Сәбит ДАИРОВ (контрабас)

«Астана Опера» хоры және камералық оркестрі

Бас хормейстер Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің кавалері

БАҒДАРЛАМА:

И.С.Бах

№3 Бранденбург концерті, соль мажор, 3 бөлімді

«Страсти по Матфею» ораториясынан дауыс пен скрипкаға арналған «Erbarme dich, mein Gott» ариясы

Оркестр мен флейтаға арналған Сюитадан Менуэт және Скерцо («Әзіл») №2 си минор

А.Вивальди

«Қаһарлы Орландо» операсынан екі ария

И.С.Бах

Камералық оркестрге арналған №2 партитадан Чакона (Дәулет Шәкіровтің әрлеуі)

А.Вивальди

Хор және оркестрге арналған Gloria, ре мажор

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    11-12 сәуір 2025

  • Уақыты

    19:00 және 18: 00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

  • Жас шектеуі

    10+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 1
    Сәуір
    Сейс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000