«Шәмші» (ГАКМДТ)
Описание
«Вальс королі» атанған ұлы композитор қиялы нені аңсады, жаны неден күйзелді, неге құстай талпынды?! Айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы «Шәмші» атты туындысын текті туған дара дарынның ешкімге ұқсамайтын тылсым табиғатына үңілуге, жан сарайының психологиялық иірімдеріне мән беруге ұмтылған. Шынайы талант иесі қашанда қорғансыз, тіршілікке икемсіз екен.
Шәмші деген төгілген ән-әуен ғой. Спектакль сарыны Шәмші әндері арқылы ашылады.
Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың«Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей», «Менің Қазақстаным» (Әнұран) әндері мен Естайдың «Құсни-Қорлан»,А. Жұмашевтың «Аққу дастан» әндері орындалады. Мұқағали Мақатаевтың «Жазылар естеліктер мен туралы»,
Қалқаман Сариннің «Мінәжат-монолог», «Көп қарғаның аңдығаны өлексе» өлеңдері оқылады.
Қоюшы суретші : Қанат Мақсұтов
Хормейстер: Амантай Жұмашев
Музыкамен көркемдегендер: Олжас Жақыпбек, Айша Сырымбай
Хореограф: Адыл Эркинбаев
Киім суретшісі: Алма Сырбаева
Өтетін орны
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Премьерасы өткен күн
1, 2, 3 желтоқсан 2017 ж
Автор
Серік Тұрғынбекұлы
Режиссер
Болат Ұзақов
Актерлік құрам
Нұркен Өтеуіл, Маржаннұр Макибаева, Қобыланды Болат
Жеке дауыста
Шах-Мұрат Ордабаев, Гауһар Жүсіпова, Жасұлан Ерболат
Сүйемелдеуші ансамбль мүшелері
Олжас Жақыпбек, Мұхит Шолақаев, Айша Сырымбай, Сұлтан Тұрсынбеков, Қуаныш Рахмет
Жанр
элегия
Ұзақтығы
1 сағат 10 мин
Жас ерекшелігі
12+
Қосымша
Спектакль қазақ тілінде өтеді
Возрастное ограничение
12+
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 25январясбТеатр им. К. КуанышбаеваБольшой Залот 1500от 1250от 1250