Scorpions в Алматы

ҚҰРМАШ МАХАННЫҢ «ЖАН СЫРЫМ» КОНЦЕРТІ

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын танымал әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Құрмаш Маханның «Жан сырым» атты жеке шығармашылық кешіне шақырады.

Халықтың сүйікті әншісі Құрмаш Махан көрермен назарына көпшілікке кеңінен таралған танымал әндерімен қатар, жаңа әндерін тарту етпекші.

Концертке халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Гүлнар Көшенова мен Ербол Тәжібаев сынды Қазақконцерттің талантты солистері қатысады.

Сіздерді күтеміз, құрметті көрермен! Құрмаш Маханның әуезді әндерін тыңдап, әдемі кештің куәсі болыңыз!