Scorpions в Алматы

«ГҮЛДЕР» ансамблінің концерті

«Гүлдер» – виртуоз аспаптық бэнд, мың бұралған балет труппасы мен талантты эстрада солистерін біріктірген шеберлік пен кәсібиліктің үлгісі.

Сіз бұл кеште «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық және 2019 жылғы «Славян базары» халықаралық фестивалінің жеңімпазы Әділхан Макиннің өнері мен «Бипыл», «Қорқыт» сынды классикадан заманауи хореографиялық туындыларға дейін және жаңа «Қытай биі» мен «Дала әуені» билерін тамашалап, ұмытылмас әсерге кенелесіз.

 «Гүлдер» ансамблінің орындауындағы «Мен деп ойла», «Әдемі-ау» және басқа да танымал әндерді бірге шырқап, сазды әуеннің сиқырын сезініңіз .

Осы кештің басты жаңалығы: «Жер ана» атты вокалды-хореографиялық қойылымы алғаш рет көрерменге жол тартпақ.

Көркемдік жетекші Абзал Өсімбаев пен бас балетмейстер Анвара Садықованың жетекшілігімен жаңартылған «Гүлдер» ансамблі тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық ареналарда да еліміздің абыройын асқақтатып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Ансамбль қайталанбас би қойылымдарын жетілдіру жолында тынымсыз еңбек етіп, әрқашан үздіксіз даму үстінде.

Өнер мен шабыт ұштасқан ұмытылмас кештің куәсі болыңыз.

Билет алыңыз да, «Гүлдер» ансамблінің өнер әлемімен таныс болыңыз!