rebranding

«Жігер» атты күй кеші

Құрманғазы атындағы Қазақ  ұлттық  халық  аспаптар  оркестрі ұлттық  оркестрдің  90 жылдығы  аясында ұлттық музыка өнеріне негізделген «Жігер»  атты  күй  кешін өткізеді.  Концерт дәстүрлі ұлттық музыкалық мұра  күй  өнеріне  арналған.  Концертте  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық  халық  аспаптар  оркестрі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген қайраткері, «Құрмет»  орденінің  иегері   Құндыз  Қаламбаева,   Мәдениет  саласының үздігі,  Халықаралық  және  республикалық конкурстардың  лауреаты  Ардақ  Итекеева,  дәстүрлі  әнші  Ідірбай Байбақты,  Халықаралық  және республикалық конкурстардың лауреаттары   Ақтөре Ибрагимов,  Бексұлтан Бақыт қатысады.